Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 113 оқылым

Сихынбекова Меруерт Орынбасаровна

Астана қ., №53 Б.Момышұлы атындағы МЛ,

математика пәнінің мұғалімі

Математика сабағында заманауи технологияларды қолдана отырып, білім сапасын арттыру

«Қандай ғылым болса да, ол-адам санасына дербес,

 ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды».

Әбу Насыр әл-Фараби

Математика – біздің өмірімізде

Математика – тарихы тереңге жайылған нақты  ғылым. Қоршаған ортаны танып-білуде, өмірдің барлық салаларында, математикалық есептеулерсіз  елестету мүмкін емес. Біз бір күнімізді сандарсыз сөйлей алмаймыз, уақыттың дәл мәнін айта алмаймыз, болашаққа жоспар құра алмаймыз. Математикасыз физика, химия, тіптен биология салаларын елестету мүмкін емес.

Математика – барлық ғылымдарға жан бітіріп, ғылым мен білімнің биік шыңына дамыған технология заманына қадам басуға мүмкіндік жасап, ғылымдардың іргетасын қалап отыр.

Математика сабағында заманауи технологияларды қолдану

Математика пәнінен сабақ бере отырып , заманның көшінен қалмау үшін, жаңашылдыққа ұмтыламыз. Сабақтың барысында жаңа технология әдістерін,платформаларды меңгеріп, түрлендіріп өткізуге талпынамыз. Математикалық оқыту процесінде заманауи технологияларды қолдана отырып, сабақты тартымды өткізуге көңіл бөлеміз. Интерактивті тақталар және онлайн ресурстарды оқыту процесінде  тиімді  қолдану үшін әрине мұғалім үшін цифрлық технологияны меңгеру қажеттілігі туындайды. Математикалық моделдеуді жүйелі, сауатты ұйымдастыру  негізінде үйлесімді математикалық бағдармаларды пайдалану арқылы оқушыларға функциялардың, графиктердің  ерекше жақтарын немесе сирек кездесетін модельдерін жасау сабақтың жоғары деңгейде өтуін қаматамасыз етеді. Мақалалық қамтылымды сілтемелер мен интерактивті сабақтарды қолдану нәтижесінде оқушылардың қызығушылықтары артады. Жоғарғы сынып геометрия сабағында «GeoGebra» – бағдарламасын енгізіп отырамын.

«GeoGebra» – геометрия және алгебраны байланыстыратын компьютерлік интерактивті бағдарлама. Жансыз фигураларға графиктер жан бітіріп, оқушылардың қызығушылығын арттырып, ғылыми ізденуге бағыттайды. Оқушылар абстрактілі түсініктерін өз көздерімен кере алады.

«Chatgpt» –  бағдарламасының   тест тапсырмасын бергенде, бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсан бойынша жиынтық бағалау  алғанда мұғалімге көмегі зор. Өз сабақтарымда осы бағдарлама көмегімен 10-20 сұрақтан тұратын тест құрастырып, жеке, жұптық, топтық жұмыстарды  бағалап отырамын.

Сабағымда қолданатын  «ZipGrade» –  бағдарламасын сабақты бекіту кезінде, кері байланыс  жасауда қолдану мұғалімге  өте тиімді, әрі жылдам бағалауға мүмкіндік береді. Математика сабағында сабақты бекіту мақсатында  кері байланыс жасай отырып, оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру  үшін немесе бір тарауды аяқтағанда тест тапсырмасын беру арқылы жылдам әрі нақты бағалай аламыз.

Қорытынды

Математика сабағында цифрлық технологияларды қолдану оқу процесін жүйелі ұйымдастыруға, мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты дамытуға көмектеседі. Заманауи технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдер платформаларын меңгеріп, сабақта қолдану  оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Авторы
Сихынбекова Меруерт Орынбасаровна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Математика

Геометрия сабағында STEAM-макет жасау арқылы кеңістіктік ойлауды дамыту

Оразалы Інжу Нұржанқызы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті 2-курс магистранты [email protected] Ғылыми жетекшісі – ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент)…

Оразалы Інжу Нұржанқызы 8 мин
Математика

Тригонометриялық функцияларды визуализациялау арқылы оқушылардың пәнге деген мотивациясын арттыру жолдары

Кіріспе Қазіргі педагогика мен білім беру саласында оқушылардың пәнге деген мотивациясын арттыру маңызды мәселе болып отыр. Әсіресе күрделі әрі абстрактілі болып саналатын тригонометриялық функцияларды меңгеруде…

Сырымова Лаура Құрманғазықызы 3 мин
Математика

11-Сынып алгебра курсында анықталған интегралды оқытуда математикалық модельдеуді жүзеге асыру әдістемесі

Аңдатпа. Мақалада 11-сынып алгебра курсында анықталған интегралды оқыту барысында математикалық модельдеуді жүзеге асырудың әдістемелік негіздері қарастырылады. Анықталған интегралдың жинақталған шаманы сипаттау мағынасы…

Колибаева Акниет Калмырзаевна 6 мин
Математика

Векторларға амалдар қолдану тақырыбын бекітуде «кейс-стади» және «математикалық эстафета» технологияларының тиімділігі

Магистрант Узакбаева Молдир Кайраткызы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қ. E-mail: [email protected] Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың математикалық білімін…

Молдир Узакбаева 11 мин