Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Bilimger Media
2 мин оқу 90 оқылым

Масақ

Біржола өлген ескі өмір тұмауратқан,
Біржола өшкен ескі жұрт қылау жапқан.
«Әулие тас» атанған жерге келіп,
Басын жаңа қазақтар құрап жатқан...
Асқар-асқар таулардың арасына
Ауыл қонып, үй тұрып, жарасуда.
Жерден өсіп шыққандай жапа-жалғыз,
Алын тас тұр дегенге нанасың ба?
Атамзаман...
Атанып «аруақ қонған»...
Алып жартас мәңгілік салмақтанған.
Жұдырықтай қарт зергер тасты қашап,
Бір тал масақ мүсінін салмақ болған.
Бір тал масақ мүсінін салмақ болған,
Тас ағашпен айнала шарбақталған.
Жұдырықтай қарт зергер құлан ұрып,
Құлып мүшеге оралып, саңлақтанған.
-Мүмкін емес!..
-Мүмкін! Мүмкін! - деді.
Қайыспады қарт зергер іркілмеді.
Тіршілігін тоқыған өрмекшідей,
Алып тастың төсінде бүлкілдеді...
Өлшеусіз өте берді ай, анталар,
Алған ісі болмады аяқталар.
Қалжыраған қарт зергер, қара бала,
Қара тасты қашады, оятты олар.
Ал жылдар өте берді, өте берді,
Алыптан масақ жасау бекер еді...
Әкесі мен баласын алайда бір
Құдірет күш күн сайын жетеледі.
Күн сайын күн батырып, таңды атырды,
Күн сайын жан ауыртты, қан қатырды.
Масақ жоқ.
Алып таста бұжыр-бұжыр,
Әр жерінде әншейін таңба тұрды.
Талай жылдар жөнелді, жоғалтылды,
Талай қашау таусылды, жаңартылды.
Тылсым тасты тыншытпай, тықылдатып,
Адам тұрды, берілмей Адам тұрды.
-Кеш кірді ғой, қайтайық, балам, енді,
Неткен түнек, неғылған жаман еді,-
Деді де шал, шағырмақ шаңқай түсте
Кірпік қақпай тесіліп қала берді.
-Кеш кірді ғой?! -
Баласы жалт қарады,
Қарады, жамандыққа аттамады.
О, сұмдық!
Қос жанары.... қос жанары...
Қалдырыпты зергерді, қарт бабаны.
Шаңқай түс.
Бала үрейлі, таңданады,
Соқыр деуге қимайды, арланады,
Екі қолы ербеңдеп, қайран кеуде
Аттай алмай адым жер қарманады.
-Неғылды, Ата, көрмейсің бе?!
-Неғушы еді, балам-ау, көрмейсің бе?
Басым менің барады, келмейсің бе...
Масақ...
Мәңгі масақ...
Алып масақ...
Қор қылғаны-ай тәңірімнің қалыпқа caп.
Үһ!
Жаным-ай!..
Адамның құдіретін
Түлей тастың алдында анықтасақ...
Тыңда, балам...
Орында...
Өсиетім...
Өтінемін...
Болмағын бас иетін!..
Тас та болса танысып көнетін, білсін,
Сезсін, көрсін Адамның қасиетін.
Ұрпағыңа айт.
Әкеңнен басталғасын,
Әрі қарай жалғансын. тасталмасын.
«Әулие кеп түнеген орын» емес,
Алып бір масақ болсын, тас болмасын!
Ұрпағыңа айт аяқсыз тасталмасын..
Өткен жылдар өшкен жоқ, санада тұр,
Талай сауыт тоздырды дала батыр.
Жалғыз қолды қарт адам тасқа қарай,
Жалғыз ұлын жетектеп бара жатыр.
Өзі тіреп тұрғандай аспан, Айды,
Баяғыдай тәкаппар тас қарайды.
Жалғыз қолды мүгедек қарт зергер жүр
Аманатын атаның тастамайды.
Алып бір масақ жасау арманы еді,
Үшінші үрпақ ата ісін жалғады енді.
Екінші ұрпақ бір қолын оқ отады,
Бір қолын тыныштыққа жалға берді.
Тағы, міне, күн шығып, таң атуда,
Тағы, міне, жаңа өмір, жаңа тұлға.
Тылсым тасты тілгілеп, масақ жасап,
Үшінші ұрпақ саусағын қанатуда.
...Асқар-асқар таулардың арасында,
Шағын ауыл, шат тұрмыс,барасың ба?
Аспанменен тілдескен алып тасты
Әлі күнге қашауда...
Нанасың ба?
Алып дән бас алады,
Алып тасқа жан бітіп, жасарады.
Адам менен еңбектің символындай
Алып масақ қалайда жасалады.
Зергердің құдіретіне сенемін.
Ұрпақтың адалдығына сенемін...
Мұқағали Мақатаев
Авторы
Мұқағали Мақатаев

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Өлеңдер

Жамбыл ата жырға салдым өзіңді!

Жақсылық Балнұрдың өлеңінде Жамбыл атаның жыр өнері, халыққа берген жігері мен жастарға қалдырған өнегесі жырланады.

Bilimger Media 1 мин 37 оқылым
Өлеңдер

Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен

Мұқағали Мақатаевтың бұл өлеңінде өмір, өкініш, туған жер мен жыр тақырыптары өріледі. Өлең мәтінін оқыңыз.

Bilimger Media 1 мин 212 оқылым
Өлеңдер

Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан

Мұқағали Мақатаевтың бұл өлеңінде уақыттың тоқтаусыз өтуі, өмірдің жаңаруы және ұрпақ сабақтастығы жырланады.

Bilimger Media 1 мин 215 оқылым
Өлеңдер

Не жетпейді?

Мұқағали Мақатаевтың «Не жетпейді?» өлеңінде ақын жүрек әні, бақыт, достық пен ғұмыр жайлы сыр шертеді.

Bilimger Media 1 мин 67 оқылым