Мазмұнға өту

Мәңгілік ел идеясы – оқу-тәрбе үдерісінде... (баяндама)

Тажимбетова Молдир Карасаевна 3 мин оқу 2 006 оқылым

Тажимбетова Молдир Карасаевна

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай
болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін
көріп жүрмін.  Біз үшін болашағымызға бағдар
ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға
жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.

Н.Ә.Назарбаев

(«Қазақстан 2050: Бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» жолдауынан)

Елбасының өзі айқындап берген  асқақ армандар мен мұрат, мақсаттардың түбі бекем түпқазығына айналған. «Мәңгілік ел» идеясы сонау әлімсақтан бергі біздің найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елді, жерді қорғаған батыр ата-бабаларымыздың ерлік жолы мен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманды аңсап өткен арда азаматтардың жүріп өткен сансыз тар жол тайғақ кешуінен бізге жеткен ата-баба аманаты болатын. Ұлтын, ұлан – ғайыр  Отанын шексіз сүйген, сан ғасырлық ата-баба тарихын құрметтеген, жерін, елін қорғаған ата ұрпақтың текті ұлы екенін осылайша күллі әлемге дәлелдеп берген.  Елбасы үндеуі өскелең ұрпаққа білім, тәрбие беру саласында да тың тыныс, өзгеше қарқын, жаңа бағыт ұсынғандай болды. Себебі, «Екінші Аристотель» атанған Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген даналық сөзі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомаға айналғаны шүбәсіз шындық.

Тарих беттерін парақтасақ, сонау кеңестік идеялогияның қылышынан қан тамып тұрған тұсында салтанат құрған  «мәңгүрттену» саясаты ана тілінде тілі шықпаған, тарихын тани алмайтын ұрпақ өсіруге бар күшін аямады. Бірақ жүзін қанша қараңғылық басса да, тәуелсіздіктің шұғылалы, шуақты күні туды. Бұл – біздің ата-бабамыз аңсап өткен асқақ арманы еді...

Осындай ата ұрпақтан бала ұрпаққа мұра боп жеткен ұлттық құндылықтарымызбен тағылымы мол төл тарихымызды, тарихи тұлғаларымыздың өнегелі өмірін, ұлы істерін бүгінгі ұрпақ қалай бағамдауда?

Ұлттық және жалпы адамгершілік салт- дәстүрі бойында тұнған,  мәдени өрісі бар, ақпаратты  білімге айналдыра алатын бәсекеге қабілетті тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамыту, әр оқушының шығармашылық таланттарының  ашылуына жағдай жасау бағытын ұстанған мектеп-гимназияда ұлттықтың ұлы мұраты  балаларға оқу-тәрбие саласы бойынша  берілуде. Қазір ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде еліміздің әлеуметтік - экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ. Мемлекеттік білім беру жүйесіде әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Сыныбымда  өтілген әрбір «Менің елім - Қазақстан», «Рәміздерім - мақтанышым»,«Өс, өркенде Аралым» т.б. тақырыбындағы тәрбие сағаттары оқушыларымның патриоттық азамат болып ер жетуіне тигізер пайдасы зор.

Бүгінгі таңда Елбасының көреген көшбасшылығының арқасында ақиқатқа айналған ата-баба арманы Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман шек келтірмес шындыққа айналды. Осындай еңселі елдік пен ерлікті, тамырын тереңге жайған тағылымды тарихты Мәңгілік елдің өскелең ұрпағына қалай танытамыз?-деген көкейде көлбеңдеген көкейтесті сауалға ұстаз ретінде өз бетімше жауап іздеймін кейде... Бір-бірінен ажырасқысыз  егіз ұғым секілді оқу – тәрбие саласында осынау ұлы мұраттарды қалай насихаттауға болады? Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен еді. Демек, ұстаздар қауымына жүктелетін міндеттің де салмағы аурлай түскендей.  Қазіргі таңда білім беру саласына енгізіліп жатқан үштұғырлы тіл саясаты өте маңызды. Бұл жаратылыстану бағытындағы  пәндерді шетел тілінде меңгерген оқушының  әлемдік деңгейдегі  білім алуға ие болу мүмкіндігі.

Сонда ғана өткен тарихты өшіру деп емес, елдігімізді, еркіндігімізде, тарихымызды әлемдік деңгейде насихаттау деп білем.  Ұлтты ұйыстыратын ұлттық құндылықтың уызына қанып өседі, сонымен бірге күннен – күнге қарыштап дамып жатқан ғылым мен техниканың қыр – сырын еркін меңгерер білімді ұрпақ болуға бар күш–жігерін сарп етеді. Бұл ұрпақтың-Мәңгілік елдің мақтанышына айналары сөзсіз.  Елбасының сөзімен айтсақ, «Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Қазақ елінің Ұлттық идеясы – Мәңгілік ел!»

Өскелең ұрпақ үшін баға жетпес байлыққа пара-пар ұлы құндылықтардың алтын арқауы болған Ұлттық идеяны ел игілігіне айналдыру үшін біз тәрбие мен білім беріп жатқан шәкірттеріміздің көзі ашық, көкірегі ояу болмақ керек!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Тажимбетова Молдир Карасаевна

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Отбасы ол өмір баилығы сенің туған қарындас ағаң и әпкең ия отбасы да жеке мәселелер қозғалады отбасы мен кешкі ас ішу және отбасымен бірге қыдыру табиғат аясына шығу секілді және т.б отбасы да бірлік татулық ынтымақ…

Қалиасқар Елдина 41 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Дос

Салем дос ! Иә біздің көтеріп отқан мәселеміз дос ол сіздің жанашырың қолдаушың және ең жақын досың иә әр адамда өзінің сенетін досы болады дос деген өміріңде қымбат адам дос ақшаға байлықа сатылмайтын алтын қазына…

Қалиасқар Елдина 42 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 60 оқылым 14 мин
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

«Ауылдың тыныс-тіршілігі» Кіріспе Ауыл – қазақ халқының рухани және мәдени өмірінің негізі. Ауылдың тыныс-тіршілігі табиғатпен тығыз байланысты, сондықтан ауыл өмірі экология, экономика, және әлеуметтік қатынастардың…

11"Б" сынып оқушылары 42 оқылым 1 мин