Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 41 оқылым

Даутова Анар Ерболатқызы
Абай облысы Аягөз ауданы “Қалалық қазақ мектеп-лицейі” КММ
11 сынып оқушысы


Әр адам күніне бірнеше маңызды шешімдер қабылдайды,таңдау жасайды. Кейбір шешімдер адам тағдырына тікелей байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда ең бастысы қателеспеу керек. Мысалы-мамандық таңдауда. Себебі мамандық таңдау-бұл жай ғана күн көрудің амалы емес,бұл өмірдің үлкен бір бөлігін алатын сүйікті іс болуы тиіс. Дұрыс таңдалған мамандық адамның қабілетін дамытып,өмір бойы өз ісінен ләззат алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда мамандық таңдаудың маңызы қандай және бұл шешім адам өміріне қалай әсер етеді?

Ең алдымен, мамандық адамның қызығушылығы мен бейіміне сай болуы жөн. Адам өз жұмысын сүйіп істегенде ғана өзін бақытты сезінеді. Егер адам сүйікті ісімен айналысатын болса, ол жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Осылайша,қоғамға да  пайда келтірудің  де жолын табады.

Сонымен қатар,мамандық таңдаудағы аса маңызды зат-кәсіби өсу және бәсекеге қабілеттілік. Қазіргі еңбек нарығы - өте құбылмалы әрі бәсекеге толы. Егер адам өз саласын шын жақсы көрсе, ондағы жаңалықтарды өздігінен үйренуге, біліктілікті арттыруға құштар болады. Өз ісінің фанаты ғана нағыз сұранысқа ие, жоғары деңгейлі маманға айнала алады. Ал, тек диплом үшін, немесе біреудің мәжбүрлеуімен таңдалған мамандықта, адам орташа деңгейден аса алмайды. Жүрекпен таңдалған мамандық-өмірде үлкен жетістіктерге жетелейді.

Керісінше, мамандықты қате таңдау түрлі қиындықтарға әкелуі мүмкін. Жұмысқа қызықпау адамның ынтасын жойып, кәсіби күйзеліске ұшыратуы мүмкін. Нәтижесінде жұмыс сапасы төмендеп, жеке өмірге теріс әсер етуі ықтимал. Кейде адамдар өздері қаламаған мамандықты оқып, кейін басқа саланы таңдау қажеттілігі туындайды, бұл болса уақыт пен ресурстардың босқа жұмсалуына алып келеді.

Мамандық таңдау-тек ғана диплом алудың жолы емес, еліміздің болашағына үлес қосудың, жүрегіңмен қызмет етудің, сүйікті ісіңмен кәсіби түрде айналысу тәсілі болуы қажет.

Сол себепті мамандық таңдағанда бірнеше факторды ескеру қажет. Ілкіде адамның қызығушылығы мен қабілетін назарға алу керек. Еңбек нарығындағы сұранысты және болашақта мамандықтың қажеттілігін зерттеп, білім алу мүмкіндіктеріне де мән берген жөн. Ата-ананың немесе достардың пікіріне ғана сүйенбей, болашақ үшін жауапкершілікті өз мойнына алу маңызды.

Түйіндей айтқанда, мамандық таңдау - өмір бағытын айқындайтын маңызды шешім. Өз қабілеті мен қызығушылығына сай мамандықты таңдаған адам тек кәсіби жетістіктерге ғана жетіп қоймай, өмірде өз орнын табады. Сондықтан жас ұрпақ мамандық таңдау процесінде саналы болуы тиіс. Дұрыс таңдалған мамандық - табысты әрі бақытты өмірдің кепілі

Авторы
Даутова Анар Ерболатқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Оқушы

Тарихы тұғырлы Отырар

3-сынып оқушысының ғылыми мақаласында Отырардың Ұлы Жібек жолындағы орны, археологиялық мұрасы, қала мәдениеті және тарихи тағдыры қарастырылады.

Bilimger Media 6 мин 49 оқылым
Оқушы

Студенттердің жұмыс пен оқуды қатар алып жүруі

Студенттердің жұмыс пен оқуды қатар алып жүруі: қажеттілік пе, әлде таңдау ма? Қазіргі таңда көптеген студенттер білім алумен қатар жұмыс істеуді таңдайды. Бірі қаржылық тәуелсіздікке ұмтылса, енді бірі болашақ мамандығы…

Жұбат Жамила Саматқызы 1 мин 72 оқылым
Оқушы

Қазіргі қоғамдағы қыз тағдыры

Қазіргі қоғамдағы қыз тағдыры: мүмкіндік пен жауапкершілік Қыз бала – отбасының ғана емес, ұлттың да болашағы. Қазақ халқында «Қыз – қонақ», «Қыздың жолы – жіңішке» деген нақыл сөздер бекер айтылмаған. Бұл – қыз баланы…

Жұбат Жамила Саматқызы 2 мин 65 оқылым