Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мамандықты дұрыс таңдау қаншалықты маңызды

Мигиена
2 мин оқу 82 оқылым

Такирова Мигиена Рысбековна

Мамандықты дұрыс таңдау қаншалықты маңызды?
Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек деп жатады. Оның бірі жар -таңдау болса, екіншісі - мамандық таңдауда. Бұл екі таңдаудан біздің келешек өміріміздің қандай болатыны шешіледі. Сол себепті, бұл жастардың болашаққа деген ең алғашқы және ең ауыр қадамы деп білемін.
Жалпы, мамандық таңдау бұл әрбір адамзат үшін – өмірлік таңдау. Десекте, көптеген жастар - мамандық болашақпен тікелей байланысты ұғым екенін естен шығарып жатады. Қазір өкінішке қарай, көптеген мектеп бітіруші түлектер ата-ананың кеңесі, үлкендердің ақылы мен тәжірибесіне сүйеніп, мамандық таңдап жүр.Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне қарағанда, жоғары оқу орнын бітірген түлектердің 50 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істейді екен. Ал бұл дегеніңіз ата-ана мен мемлекеттің грантқа бөліп жатқан қаражатының 50 пайызы желге ұшады дегенді білдіреді.
Сондықтан, мамандықты дұрыс таңдай білген жөн. Егер адам өзін емес, өзгенің қалауымен басқа мамандық таңдаса, өмірінің соңына дейін өкініп өтеді. Біріншіден, жұмысқа өз сүйген ісімен айналысу үшін емес, тек қаражат табу үшін ғана баратын болады. Ал егер өз жүрегінің үніне құлақ түріп, өзіне сеніп, өз шешімін таңдаса ше?! Онда өз сүйікті ісімен айналысады, істеген ісінен ләззат алады деп ойлаймын.
Дұрыс таңдалған мамандық қаржылық тұрақтылыққа жетуге мүмкіндік береді. Қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар жақсы төлем мен кәсіби өсу мүмкіндіктерін ұсынады. Осылайша, дұрыс мамандық таңдау арқылы адам өз қаржылық жағдайын нығайтып, болашағына сенімді бола алады.
Жұмыс ортасы адамның әлеуметтік өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Дұрыс мамандық таңдау арқылы адам өзімен ұқсас қызығушылықтары бар адамдармен жұмыс істеп, жаңа достар таба алады. Бұл оның әлеуметтік байланыстарын нығайтып, психологиялық әл-ауқатын арттырады.
Қорытындылай келсем, дұрыс таңдалмаған мамандықтың салдары, тек адамның өзіне ғана емес, қоғамға кері әсерін тигізеді. Сондықтан мамандық таңдауда шалыс баспаған дұрыс!

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:07

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мигиена

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 115 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 902 оқылым