Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Логопедтің түзету жұмысы

Зиятдинова Айдана Ерғазықызы
3 мин оқу 174 оқылым

Зиятдинова Айдана

Қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек, жылдан жылға сөйлеу тіл кемістігі бар балалар саны және логопедиялық көмекті қажет ететін балалардың пайызы өсуде. Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс- әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншілігін шектейді. Бұл баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оның зияткерлік дамуы және мінез құлқының сипаттамасы жас шамасына жиі сай келмейді, ұжымдағы құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы қиындайды.

Логопедия – сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әр түрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым.

Логопедтің жұмысы сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық, лексико-грамматикалық жақтарының жалпы дамуын қамтамасыз ету, дыбысты қою, автоматизациялау, дифференциациялау және оны еркін сөйлеуде қолдануды үйретуде жатыр.

Сөйлеу тілінің дамуы мен оның бұзылуын түзету және сақтандыру -логопедиялық ықпал жасау барысының негізгі бағыты болып есептеледі. Жиі кездесетін күрделі сөйлеу тіл кемістігін түзету үшін арнайы мамандардың кешенді көмегі қажет. Сол үшін баланы жан-жақты, толық тексеру керек.

Бұл туралы К.Д.Ушинскийдің төмендегідей айтқан: «Егер педагогика адамды барлық қарым-қатынаста тәрбиелегісі келсе, онда оны барлық қарым-қатынастық жағдайда жан-жақты зерттеуі қажет».

«Диагностика» ұғымы медицинада, психологияда, техникада, тәжірибелік педагогикада қолданылады, бірақ оның мағынасы әр түрлі.

Медициналық, психологиялық және педагогикалық диагностикалар арасында шектес ғылымдар сияқты тығыз байланыстар бар. Сол үшін неғұрлым толық хабар алу үшін кешенді медициналы-психологиялы-педагогикалық диагностика қажет.

Тілдік дыбыстардың бұзылуының негізгі түрлері:

  1. Дыбыстың болмауы. Мысалы, алма деген сөздің орнына бала ама

дейді немесе тарақ деген сөздің орнына бала таақ дейді.

  1. Дыбыстың алмасуы. Мысалы бала дыбыстарды алмастыруы мүмкін.

Яғни, дыбысталуы ұқсас дыбыспен алмасуы.

  1. Дыбыстың бұрмалануы көрінетін мысал:

- кейбір дыбыстардың тісаралық айтылуы (тілдің ұшы тістердің арасына түседі);

- дыбыстардың бүйірлік айтылуы.

Алдымен суреттердің көмегімен баланың сөйлеу тілін тексеріп аламыз. Бұл тексеру оның қандай сөйлеу бұзылыстары бар екенін анықтауға көмектеседі. Кейде ересек адамнан кейін қайталағанда немесе өлеңдерді жатқа оқығанда, бала әдеттегі сөйлеуге қарағанда дыбыстарды жақсы айта алады. Сондықтан оны суреттердегі сөздерді атауға шақырыңыз және оның бұл дыбыстарды қалай айтатынын мұқият тыңдаңыз. Баланың дыбысты қалай айтатынын өзіңіз үшін белгілеңіз, егер сіз сөздерді айтуда қателіктер тапсаңыз, оны қандай бұзушылықтар тобына жатқызуға болатындығын анықтаңыз. Логопедиялық практикада дыбыстық айтылымды түзету бойынша жұмыста үш кезеңнен тұратын қатаң реттілік бар.

  1. Дайындық кезең, қиын дыбыстарды дыбыстау үшін, ерін мен тіл

бұлшықеттерін артикуляциялық гимнастика арқылы жаттықтыру. Сондай-ақ, фонематикалық есту қабілетін дамыту және көптеген дыбыстарды айту үшін бағытталған ауа ағынын қалыптастыру дағдыларын дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі.

  1. Дыбысты қою және оны бастапқы бекіту. Бұл кезеңде логопед

арнайы әдістер мен құрылғылардың көмегімен дыбысты қоюды жүзеге асырады.

  1. Дыбысты бекіту. Қойылған дыбысты алдымен буындарда, сөздерде,

содан кейін сөйлемдерде және байланысқан сөйлеу тілінде бекіту қажет. Осыдан кейін ғана баладан ересек адамның ескертуінсіз сөйлеуде дыбыстарды дұрыс қолдануды күтуге болады.

Дыбыстарды қою және оларды алғашқы бекіту арнайы білім мен дағдыларды қажет ететіндіктен, бұл жұмысты логопед жүргізген жөн.

Көптеген суреттер баланы қызықтырып қана қоймайды, оған ауызша материалды меңгеруге көмектеседі, сонымен қатар оның зейінін, кеңістіктік бағдарлау дағдыларын дамытады.

Алдымен артикуляциялық және саусақ гимнастикасы жаттығуларының комплекстерін қарап, содан кейін баламен жұмыс жасау ұсынылады. Саусақ гимнастикасы жаттығулары барлық балаларға, әсіресе ұсақ моторикасы бұзылған балаларға пайдалы. Бұл жаттығуларды сабақтың ортасына қосқан дұрыс.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Зиятдинова Айдана Ерғазықызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Дауысты және дауыссыз дыбыстар

Мақсаты: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, әріптерді дұрыс жазу. Міндеттері: Түзету-дамытушылық: фонематикалық естуді, зейінді, ойлауды, есті дамытуға жағдай тудыру; дыбыстық анализ және синтез дағдыларын…

Зиятдинова Айдана Ерғазықызы 3 мин 1 028 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Логопедия

ПМПК қорытындысы негізінде жеке білім беру бағдарламасын құрастыру ерекшеліктері

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Айгөлек" бөбекжайы" КМҚК Логопед Аңдатпа Мақалада психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы негізінде…

Токтарова Еркежан Бауыржанқызы 8 мин 230 оқылым
Логопедия

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған Ава терапия әдістері

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Оңалту орталығы» КММ Логопед маманы Бүгінгі таңдағы аутизмі бар балаларды түзетудегі тиімді әдістердің бірі – ABA (Applied behavior analysis), мінез – құлық терапиясы немесе мінез…

Марқабаева Гүлбахрам Оңайбекқызы 5 мин 199 оқылым
Логопедия

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дамуында қимылдық белсенділіктің рөлі

Маңғыстау облысы білім басқармасының "Оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Логопед Аннотация: бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың қимылдық белсенділігі мен сөйлеу дамуының өзара байланысы…

Ізтұрғанова Мадина Біржанқызы 4 мин 43 оқылым
Логопедия

Сөйлеу тілінің бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дидактикалық ойындар арқылы дамыту

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Оңалту орталығы» КММ логопед маманы Аңдатпа. Бұл мақалада сөйлеу тілінің бұзылысы бар балалардың сөздік қорын дидактикалық ойындар арқылы дамыту жұмысының мазмұны сипатталды.…

Еркасова Салтанат Беккалиевна 7 мин 152 оқылым