Мазмұнға өту

«Креативтілік – заманауи педагогтің қажетті дағдысы»

Маратова Эльмира 2 мин оқу 133 оқылым

Педагог – оқушылардың алдағы өмірінің жарқын болуына тікелей байланысты тұлға. Әр білім алушы өзінің алдындағы тұлғаға қарап өседі, дамиды, жеке бір тұлға болып қалыптасады. Ол үйіндегі ата-анасы, отбасы мүшелері болады және де ең маңыздысы мұғалімі ықтимал болып табылады. Өйткені мұғалім білім берумен қатар, тәрбие беруге де ықпал етеді. Сондай жауапкершілікті жүктеп алып жүрген мұғалім әрине жан-жақты дамып отыруы тиіс. Үнемі ізденіс процесінде жүруі қажет.

Қазіргі заманауи педагогтардың бір ерекшелігі – олар креативті, заман талабына сай дамыған. Ол оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар бере алатыны сөзсіз. себебі олар өздерінің креативтілігінің арқасында оқушылармен ете жақын араласа алады, әрі ол балалардың қызығушылығын арттыра отырып бере алады.

Заманауи педагог ең алдымен:

  • жоғары білімді;
  • белсенді;
  • ойлау қабілеті жоғары;
  • ұйымдастырушылық қабілеті дамыған;
  • психологиялық-педагогикалық қабілеті жақсы дамыған;
  • креативті болғаны абзал.

Соның ішінде мұғалімнің креативті болғаны педагогтың  дағдыларының ішіндегі ең қажеттілерінің бірі. Педагог креативті болса  оқушыларға замануи дамуды, берілген тапсырманың оңай шешімін табуды,  басқа ортада өзін еркін ұстауды, адамдармен жан-жақты тез тіл табысуды үйретеді. Қазіргі кезде білім берудің неше түрлі стратегиялары бар, педагог солардың барлығын қолдана отырып, білім алушыларға тапсырманы оңай әрі тез тез түсініп алуына ықтимал жасайды.  Сабақты ойын түрінде, топ топпен жарыстырып қызықты өткізсе әр оқушының білім алуға құштарлығы артып, әр пәнді түсініп оқып, жақсы қалыптасып кетері сөзсіз.

Сондықтан да қорытындылай келе айтатын болсақ, оқушыға білім тек баға үшін ғана емес, болашағы үшін қажет екенін ұғындырып, соны дәлелдеп, әрі қарай тек жақсы білім алуына ықпал етіп, оның алдында үлгі боларлық  тұлға-педагог болуға ұмтылу қажет. Ол үшін әрине педагог өзі жақсы жеткілікті дамыған, білімі жоғары, оқушылармен жақсы тіл табыса алатын белсенді, шығармашыл болуы қажет. Сонда ғана болашағы жарқын, еліміздің дамуына үлкен үлес қоса алатын, белсенді, креативті, жарқын тұлғалар көбейеді.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:07

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Маратова Эльмира

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 114 оқылым 2 мин
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 798 оқылым 4 мин