Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Bilimger Media
1 мин оқу 97 оқылым

Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем

Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем,
Барғанда маған ылғи гүл беруші ең.
Жалт етіп жай отындай көкжиектен
Әттең-ай, маған енді бір көрінсең!
Кетер ем бұлтпен бірге араласып,
Көрер ем найзағаймен жағаласып.
Артыңнан ақша бұлт боп жүзер едім,
Көзіме бір көрінсең бала-ғашық.
Сандал тау, сайдан соққан самалым-ай!
Ой-санам құлайды кеп саған ұдай.
Әлдеқандай күн кешіп жүр екенсің,
Сүттен ақ, судан таза, адалым-ай!
Сап-сары сағынышпен жағаласып,
Жастық өмір басымнан барады асып.
Көзіме бір көрінші, тынайын мен,
Қайдасың, қайдасың сен, бала-ғашық?..
Жамылып сағыныштың сал шекпенін,
Сарғайып сенің үшін зар шеккемін.
Зарықтыр, о, тәңірім, жалықтырма?
Мәңгілік ғашықпын мен, ант еткемін!
Көзіме көрінбесең, көрінбе сен,
Күнім боп тұра бергін көгімде сен.
Өлді деп ойлай бергін сонда мені,
Бұлт болып шуағыңды тұтып алып,
Нөсер боп селдетіп мен төгілмесем.
Көкке емес, жерге сонда құлайды арман,
Сел болып ағар, мүмкін, лайланған.
Сен сол кез кезбе бұлтқа бір қарап қой,
Сол - менмін көктің жүзін шыр айналған.
Білем саған жете алман, ғарыштасың,
Белгілі мәңгілікке табыспасым.
Дерт те емес, күйік те емес, жар да емессің,
Сен маған сағыныш боп жабысқансың.
Қайтсем екен сені ұстап қалу үшін?!
Сен маған шексіз дала сағымысың.
Мен өтермін, өтермін, өтермін мен,
Мәңгілік сен қаласың, сағынышым!!!
Мұқағали Мақатаев

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Өлеңдер

Жамбыл ата жырға салдым өзіңді!

Жақсылық Балнұрдың өлеңінде Жамбыл атаның жыр өнері, халыққа берген жігері мен жастарға қалдырған өнегесі жырланады.

Bilimger Media 1 мин 37 оқылым
Өлеңдер

Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен

Мұқағали Мақатаевтың бұл өлеңінде өмір, өкініш, туған жер мен жыр тақырыптары өріледі. Өлең мәтінін оқыңыз.

Bilimger Media 1 мин 212 оқылым
Өлеңдер

Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан

Мұқағали Мақатаевтың бұл өлеңінде уақыттың тоқтаусыз өтуі, өмірдің жаңаруы және ұрпақ сабақтастығы жырланады.

Bilimger Media 1 мин 215 оқылым
Өлеңдер

Не жетпейді?

Мұқағали Мақатаевтың «Не жетпейді?» өлеңінде ақын жүрек әні, бақыт, достық пен ғұмыр жайлы сыр шертеді.

Bilimger Media 1 мин 67 оқылым