Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 1 144 оқылым

Айдарова Гулнара

Адамның компьютер алдында уақыт өткізуге,компьютермен жұмыс жасауға деген патологиялыққұмарлығын – компьютерлік тәуелділік деп атайды.

Компьютерлік тәуелділіктің алдын алуға болады ма? Бұлсұраққа нақты жауап беру үшін, біз тәуелділіктің қаншалықты жасөспірімдердің денсаулығына зиян екенін айта кетейік.

Жасөспірімдердің өміріне компьютерлік ойын соншалықты терең еніп, тіпті олар үшін  компьютерлік, яғни виртуалды «өмір» шын өмірге қарағанда әлдеқайда қызықты болып бара жатыр. Қазіргі жаңа технологияның қауырт дамып жатқан  заманында,  жастардың интернет желісінде қолданатын «Фейсбук», «ВКонтакте», «Инстаграм», «WhatsApp», «Скайп» секілді қосымшалардың да түрлерікөбейе бастады. Әлеуметтік желіде көрген-білгендерін қызықтап, қажетті ақпараттармен бөлісіп, фото орнату, лайк басу, пікір білдіру, селфи жасау үрдісі қалыпты дағдыға айналды. Сол парақшаларындағы достарын көбейтуге барын салған жасөспірімдер, шынай достықтың да, өз жақындарымен, достарымен араласудың да қасиетін ұмытып барады. Бүгінде интернетке тәуелділіктің салдарынан жастардың денсаулығы ғана емес, ойлау, сөйлеу, жазу мәдениеті де төмендеп барады. Тіпті жазу мәдениетінде «желілік терминология» қалыптасып барады.

Компьтерлік тәуелділікті болдырмаймын деп, заманауи технологиялық үдерістерінен де қалдыруға болмайды.  Мектеп жасындағы балаларға қалай интернеттің виртуалды әлемі мен нағыз өмір сүріп отырған ортамыздың шекарасын қалай түсіндірсе болады?

Бос уақытын қызықты өткізгісі келетін жас жеткіншіктерге қандай амал қолданса болады? Жасөспірімдерді осындай тәуелділіктен арылтатын жолдарын табу осындай тығырыққа тірейтін жауапсыз сұрақтармен аяқталып жатады.

Балаларды интернет тәуелділіктен арылтуүшін немесе тәуелділіктің алдын алу үшінбарлық ата-аналарғамүмкіншілігінше максималды уақытын баланың күн тәртібіне аудару керек. Бала әркез ата-анасына кез-келген жағдайда арқа сүйей алатынын сезіну керек. Баланы жан-жақты зерттей отырып,қандай фильм, музыканы ұнатады, қандай хоббиі бар, жаңа қызығушылығын оятуға тырысу керек. Қалауына қарай түрлі үйірме түрлерін ұсыну арқылы, спорт, музыка, би, ән айтумен және т.б. шұғылдануын қамтамасыз ету. Мүмкіншілік болса, кинотеатрға, концертке билет әперу, жалпы интернеттің орнын баса алатын бір қызығушылық табу.Баланы үй тіршілігіне тарту, еңбеккке баулу,  жанұямен боулингке, сауда орталығына, сырғанаққа баруды жоспарлап, бос уақытты бірге қызықты өткізуге тырысу.Әрине жақсы демалыс, жақсы қаражатты талап етеді. Бірақ ол мәселені сылтау жасап, баланың мүлдем компьютерлік індетке ұшырағанын күтіп отыруға болмайды. Отбасылық кеш ұйымдастырыңыз. Мысалы, күнделікті теледидарға не мониторға телміргенше, кешкі астан кейін жиналып, үстел ойындарын ұйымдастырып, ойнаңыздар. Сурет жарыстарын ұйымдастыру, немесе логикалық есептер, т.б. Компьютерде отыру уақытын шектеңіз.

Сонымен қатар, компьютерлік тәуелділіктен арылу наркотикалық немесе алкогольдік тәуелділіктен арылудан айрықша болады. Ересектердің міндеті жасөспірімдерге компьютерлік ойындарға тәуелділіктен арылту, алдын алу үшін оларды компьютерге қатысы жоқ басқа жұмыстармен айналысуға итермелеу. Өсіп келе жатқан бала компьютерден басқа да қызықты ойын-сауықтар бар екенін көрсету (футбол, басқа да спорт түрлері, тауға шығу, т.б.), олардың денсаулыққа пайдалы екенін, психологиялық жағдайды жақсартатынын көрсету,түсіндіру.

Авторы
Айдарова Гулнара

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Информатика

Кесте құрып үйрену

Мақсаты: Місrosoft excel 2010 программасын үйрете отырып, оқушының ойлау, есте сақтау, қызығушылық қабілеттерін дамыту, олардың өзара бір-бірімен жұмыс істеу арқылы қарым-қатынастарын дамыту, компьютерді заман талабына…

Айдарова Гулнара 1 мин 723 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Информатика

Информатиканы оқытуда жасанды интеллектке негізделген дербестендірілген оқыту технологиясы арқылы оқушылардың үздіксіз білім алу дағдыларын дамыту әдістемесі

Ернұр Елтаев Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің магистранты Аңдатпа Мақалада информатика пәнін оқыту үдерісінде жасанды интеллектке негізделген дербестендірілген оқыту технологияларын…

Ернур Елтаев 8 мин
Информатика

Бастауыш сынып оқушыларының жеке оқу траекторияларын қалыптастыруда жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктері

ӘОЖ 373.3.016:004.8 Бастауыш сынып оқушыларының жеке оқу траекторияларын қалыптастыруда жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктері Көптілеу Райхангүл Махамбетқызы 7M01502 «Информатика» білім беру…

Көптілеу Райхангүл Махамбетқызы 15 мин 11 оқылым
Информатика

Информатика сабақтарында оқушылардың оқу нәтижелерін талдауда машиналық оқыту әдістерін қолданудың теориялық негіздері

Аңдатпа Мақалада орта мектептің информатика сабақтарында оқушылардың оқу нәтижелерін талдауға машиналық оқыту әдістерін қолданудың теориялық негіздері қарастырылады. Мақсат — білім беру деректерін интеллектуалды талдау…

Халиева Жанна Янгибаевна 13 мин
Информатика

Цифрлық білім беру жағдайында python бағдарламалау тілін оқытуда генеративті жасанды интеллектіні қолдану әдістемесі

ӘОЖ 378.147:004.8 Цифрлық білім беру жағдайында Python бағдарламалау тілін оқытуда генеративті жасанды интеллектіні қолдану әдістемесі Бауыржанова Жұлдыз Мұратқызы 7M01502 «Информатика» білім беру бағдарламасының бірінші…

Жұлдыз Бауыржанова 12 мин 13 оқылым