Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Хх дыбысы мен әрпі

Гүлім
3 мин оқу 155 оқылым

Нусупова Г.Е.

Қысқа мерзімді жоспар

Тексерілді:                                      Әдіскер

Күні: 20.02.2019    1 сағат

Сынып: 1 «а»

Пәні: сауат ашу

Мұғалімі:

Мектеп:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды х дыбысы мен әрпімен таныстыру, дыбысты ести білуге, оны сөз ішінде басқа дыбыстан ажырату, әріптің баспа және жазба түрлерін танытып, оны дұрыс дыбыстату.

Дамытушылық: Х дыбысына қатысты жаңа сөздерді айту арқылы ой - өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу, сауатты, қатесіз таза каллиграфиясын сақтап жазуға тәрбиелеу.

Көрсету жабдықтары: Суреттер, оқулықтар, дәптерлер,  кеспе әріптер, қима суреттер.
Пәнаралық байланыс: Айналадағы әлем, математика
Сабақ кезеңдері: Мұғалім мен оқушылардың біріккен қызметі мазмұны Сараланған және жекеленген тәсілдер
1-2 топ 3- топ 4-топ
Ұйымдастыру Амандасу

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар.

-Қазір бізде қандай сабақ?

-Сауат ашу

-Кезекші мәліметі

-Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарыңды алыңдар.

Психологиялық дайындық.

Біз бақытты баламыз,

Оқып білім аламыз,

Әріптерді үйреніп,

Білімді бала боламыз.

Кезекші мәліметі

Топпен қайталау

Топпен қайталау

Топпен қайталау

Үй тапсырмасын тексеру Балалар бүгін мен кім дұрыс жауап берсе, сол оқушыға гүл сыйлаймын. Сендер көп гүл жинап, үйге барғанда аналарыңа, әжелеріңе  8- наурызға гүл шоғын сыйлайсыңдар.

Тыңдалым №1

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Өткен әріптерді қайталайық.

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

Мен сендерге әріп айтамын, ал сендер сол әріп кездесетін сөз айтасыңдар: ү, и, ж  т.б.

Жауап берген оқушыны барлығымыз бас бармағымызбен бағалайық.

Жарайсыңдар, балалар!

Айтылым №1

Балалар жауабы

Айтылым №1

Алфавитегі өтілген әріптерді қайталау.

Балалар жауабы

Айтылым №1

Өткен әріптерді қайталау.

Сабақтың мақсат -міндеттерін анықтау Хх дыбысы мен әрпімен таныстыру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру Ал, балалар, бүгін жаңа әріппен таныспас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын. Егер сендер дұрыс шешсеңдер, бүгінгі өтетін дыбыс шығады:

Халықта бар,

Елде жоқ.

Халатта бар,

Көйлекте жоқ.(Х)

Дұрыс балалар, Х дыбысы екен.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі.Енді мына суретке қараңдаршы (суретпен жұмыс)
- Мынау не? – хат.

Хат, хабар, хан, халық, хор, ханшайым, ханзада, хоккей, шахмат, халат.

Буынға бөлейік.Х әрпі сөздің қай бөлігінде кездеседі?
- Х - х - х (хормен айту)
- Х - қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Х - дауыссыз дыбыс.

- Қандай түспен белгілейміз?
- Көк  түспен белгілейміз де көк үйге кіргіземіз.

Хх - дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Қанекей саусақтарымызбен х әрпін жасап көрейікші.

2.Сергіту сәті 

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым,

Алдыға қарай бір адым .

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

3.Кітаппен  жұмыс

Балалар қазір кітабымыздың 33 бетін ашамыз. Сурет бойынша жұмыс. Суретте не бейнеленген?

Ал енді берілген сөздерді тізбек бойынша оқимыз.

Тізбектеп оқу.

4.   Саусақ жаттығуы

Бес саусақ

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін ,

Болып шықты он саусақ.

Жазылым №1

Ауада Хх дыбысының бас әрпін жазып көрсету, элементтерін айту. Балалармен бірге ауада жазу. Тақтада Хх әрпінің жазылуын көрсету.

5.Дәптермен жұмыс

Дәптердегі жеке тапсырмаларды орындау.

Әдемі, таза жазуларын қадағалау.

6. Кеспе әріптермен жұмыс

Тыңдалым

Сұрақ-жауап

Балалар қимылы.

Колхозда, Нұрмаханға, Ахмет

Хамит Ахметке хат жазды. Қымбатты, Ахмет! Қысқы демалыста бізге кел. Тосамын. Хат жаз.

Саусақ жаттығуы

Жазылым №1

Х әрпінің бас әрпін үлгі бойынша жазу.

Хат

Тыңдалым

Сұрақ-жауап

Балалар қимылы.

Ха-ха

Ах-ах

Хат, Хасан, Хамит, халат

Саусақ жаттығуы

Жазылым №1

Х әрпінің бас әрпін бастырып жазып шығу.

Хат

Тыңдалым

Қима суретпен жұмыс

Балалар қимылы.

Қима суретпен жұмыс

Саусақ жаттығуы

Жазылым №1

Х әрпінің элементтерін жазу.

Жаңа тақырыпты бекіту және қайталау «Сәйкестендір» әдісі. Әріпті тиісті орнына сәйкестендір. Әріптердің ішінен Х әрпін тауып, боя. Кеспе әріптердің ішінен Х әрпін көрсет.
Сабақ қорытындысы және оқушыларды бағалау Бүгін біз  не үйрендік?

Не білдік?

Гүл шоғын жинау арқылы оқушыларды бағалау.  Әр дұрыс жауапқа бір гүл алу арқылы сабақтың соңына дейін гүл шоғын жинау.

Айтылым Айтылым Айтылым
Үйге: Үйден 33 беттегі сөздерді  оқып , дәптерде берілген тапсырмаларыңды жазып келесіңдер.

Тақырып бойынша оқушылардың нәтежиесі

1-2 топ

3-топ

4 топ

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Гүлім

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

"Ойын ойнап ән салмай өсер бала болама"

Шағын орталық тәрбиеленушілеріне арналған ашық іс-әрекетте ұлттық, қимылды және дидактикалық ойындар арқылы балалардың тілі мен ой-өрісін дамыту көзделген.

Гүлім 1 мин 59 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Дефектология

Дефектологтың жылдық жоспары 2026: қалай құрылады, бөлімдері және дайын үлгі

Дефектологтың жылдық жоспары дегеніміз не? Дефектологтың жылдық жоспары — арнайы педагогтың оқу жылы бойы атқаратын жұмысын жүйелеуге арналған жоспарлау құжаты. Жылдық жоспар арқылы маман өзінің негізгі жұмыс…

Bilimger Media 7 мин 180 оқылым
Дефектология

Дефектологтың құжаттары 2026: толық тізімі, үлгілері және дұрыс рәсімдеу тәртібі

Дефектолог маманы жүргізетін негізгі құжаттардың толық тізімі, жылдық жоспар, КТЖ мен ҚМЖ құрылымы және құжаттарды дұрыс рәсімдеу тәртібі берілген.

Bilimger Media 3 мин 326 оқылым
Дефектология

Нейропсихологический подход в коррекционной работе с детьми с ЗПР, ЗРР и нарушениями слуха (слуховыми аппаратами икохлеарными имплантами).

Учитель-дефектолог, сурдопедагог, педагог-исследователь. Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции № 1" акимата города Астаны. АННОТАЦИЯ В статье представлен авторский опыт…

Нургазина Макпал Омирузаковна 3 мин 75 оқылым