Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Инклюзивті білім беру үдерісінде мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық, психологиялық қолдау көрсету үшін ұйымдастырушылық шаралары

Автор

Махметова Алия Айтмаганбетовна
2 мин оқу 4 571 оқылым

Махметова Алия Айтмаганбетовна

Қазіргі заманда халқымыздың назарын аударып отырған мәселе мүмкіндігі шектеулі балалардың  ерекшеліктерін ескере отырып, білім үрдісіне толық енгізу, әлеуметтік бейімдеу. Бұны біз инклюзивті білім беру дейміз. Инклюзивті білім беру мақсаты- даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Инклюзивтібілім беру-мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып үйретудің бір формасы.Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып үйрету үдерісін педагогикалық, психологиялық қолдау үшін психологке, логопедке, дефектологқа,ЕДШ мамандарына арналған кабинеттерді жабдықтау керек. Мүмкіндігі шектеулі оқушының оқып-үйренудегі қиындықтарын дер кезінде анықтап, оларға коррекциялық- педагогикалық қолдау үшін,білім игеруге байланысты қол жеткізілген деңгей туралы психологиялық-педагогикалық мониторинг өткізіліп тұруға тиісті. Сынып мұғалімі,психолог, логопед, дефектолог,жетелеуші тәрбиешісі тығыз ынтымақта бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады.Осымен қатар психологиялық- педагогикалық қолдауды бақылауын және орындалуын мектеп басшысы, координатор, психологикалық медицина-педагогикалық консилиумы жүзеге асыруы тиіс. Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттеріне сәйкес бүгін мектептегі  инклюзивтік білім беру жүйесі жетелдіріліп келеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін пандустар, арнайы тұтқалар, арнайы парталар, үстелдер, лифт, арнаулы тазалық бөлмесі, мамандар кабинеттері және оларды таситын инватаксименқамтасыз етілген. Осы ұйымдастыру шаралары біздің №65 мектепте орын алған. Инклюзивтік бағыт мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір  сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытта білім беру , яғни бастауыш сыныптарға енгізу арқылы оқушыны адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Бастауыш сыныпта инклюзивтік білім беру- барлық балалардың тең құқығын анықтайды. Сыныптағы іс- шараларға қатысу, қарым-қатынасқа қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндікбереді. Барлық балалар сияқты ол да қоғамның бір мүшесі ретінде өзің еркін сезінеді.

Инклюзивтік оқыту бастауыш сыныптарда білім беру ұйымдарының бұйрығымен,әр балаға оқытудың қажеттілігі туралы психологиялық медициналық-педагогикалық кеңестерімен ашылады. Психолог, логопед, дефектолог мамандары оқуда қиындықтары бар балаларды анықтауға диагностикалық жұмыс жүргізіп, оқушыларды қадағалау мақсатында жеке жоспарға сәйкес сабақтан тыс уақытта түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастырады. Мүмкіндігі  шектеулі  балалармен жұмыс істейтін кабинеттер  құрал-жабдықтармен  толық қамтамасыз етілмеген. Арнайы сабақ кестесі бойынша  аптасына екі рет 20 минуттан жұмыстар жүргізіледі. Ол басқа арнаулы пәндерге кедергі жасалмау жағы қарастырылған.

Бастауыш сыныпта инклюзивтік білім беруді ұйымдастыруды тиімді түрде жүзеге асыруда кедергілер мен қиындықтар жетерлік. Мүмкіндігі шектеулі  балалар үшін оқу материалдарын меңгеруде жеке тәсіл, арнайы бағдарлама, арнайы түзету психологиялық,педагогикалық,әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан қиындықтарға тап болады. Мектеп педагогтарының жалпы білім беретін  бастауыш сыныптарында оқытудың нақты тәсілдерін әлі білмейді. Оқуға ,жазуға, есепке, қарым-қатынасқа, мәдени тәртіп ережелерін үйренуін қалыптастыру ең маңыздысы сол болып табылады. Олармен түзету жұмысы неғұрлым ертерек басталса, соғұрлым қайтарымы үлкен болады.

«Қазақстандық жол 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында (17.01.2014ж.).

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлуміз керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс.Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілу қажет. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз.Білім беру мекемесінің ортасы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттілігіне бейімделуі тиіс, «кедергісіз» болуы керек, өйткені мүгедек  балалардың толыққанды кірігуін қамтамасыз етуі қажет»,- деп атап өткен.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Махметова Алия Айтмаганбетовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Эссе

Дұрыс қанаттанған түзу ұшар

«Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек»А.С.Макаренко Жас бала-жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді.Жерге отырғызған жас көшетке қашан тамыры…

Махметова Алия Айтмаганбетовна 1 343 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Дефектология

Дефектологтың жылдық жоспары 2026: қалай құрылады, бөлімдері және дайын үлгі

Дефектологтың жылдық жоспары дегеніміз не? Дефектологтың жылдық жоспары — арнайы педагогтың оқу жылы бойы атқаратын жұмысын жүйелеуге арналған жоспарлау құжаты. Жылдық жоспар арқылы маман өзінің негізгі жұмыс…

Bilimger Media 180 оқылым 7 мин
Дефектология

Дефектологтың құжаттары 2026: толық тізімі, үлгілері және дұрыс рәсімдеу тәртібі

Дефектолог маманы жүргізетін негізгі құжаттардың толық тізімі, жылдық жоспар, КТЖ мен ҚМЖ құрылымы және құжаттарды дұрыс рәсімдеу тәртібі берілген.

Bilimger Media 324 оқылым 3 мин
Дефектология

Нейропсихологический подход в коррекционной работе с детьми с ЗПР, ЗРР и нарушениями слуха (слуховыми аппаратами икохлеарными имплантами).

Учитель-дефектолог, сурдопедагог, педагог-исследователь. Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции № 1" акимата города Астаны. АННОТАЦИЯ В статье представлен авторский опыт…

Нургазина Макпал Омирузаковна 75 оқылым 3 мин