Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Инклюзивті білім беру-өмір қажеттілігі.

Айнаш
2 мин оқу 488 оқылым

   Амирбаева Айнаш Сабырахиновна

«Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала сондай бола алады»

(В.Сухомлинский)

Инклюзив – сөзі латын тілінен аударғанда «өзіңді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағананы білдіреді.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

Инклюзивті білім берудің мазмұны:    Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:

  • жалпы мектептерге арналған типтік бағдарлама
  • мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалар.
  • мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.

Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері:

  1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
  2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
  3. Әрбір адам қарым – қатынасқа құқылы.
  4. Барлық адам бір – біріне қажет.
  5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
  6. Барлық адам құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
  7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мұмкіндігіне қарай орындай алатын әркетін жүзге асыру.
  8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті білім берудің негізгі артықшылықтары:

  1. Өз-өзіне сенімді болу
  2. Құрдастарымен қарым-қатынаста болу
  3. Толыққанды білім алу.
  4. Қоғам өміріне бейімдеу және кіріктіру
  5. Мүгедек емес балалардың қайырымдылық және түсінушілік қасиеттерін тәрбиелеу.
  6. Қоғамның мүгедектік мәселелерін түсінуі

Әлеуметтік-бейімдеу бағыты:

  • баланың қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау;
  • баланы шығармашылыққа тәрбиелеу;
  • баланы мерекелік іс-шараларға қатыстыру;
  • баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету;
  • қоғамдық орталарда өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету.

Әдістемелік- ұйымдастырушылық бағыт:

Бұл бағытта жұмыс консилиумға дайындық, іс-шараларға дайындық,баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді.                                                                     Сонымен қатар төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:

  • ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау;
  • оқушыға портфолио құрастыру.

Қорыта айтқанда, қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап,  саналы тәрбие, сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.

«Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім-барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айнаш

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

«Бөлме өсімдіктері»

Балалар қазтамақ пен фикустың ерекшеліктерін танып, бөлме өсімдіктерін күту мен суаруды үйренеді. Сабақта тыныс алу жаттығуы мен сергіту сәті қамтылған.

Айнаш 2 мин 175 оқылым
Балабақша

Менің мамандығым - тәрбиеші.

Балабақша тәрбиешісі бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, мейірім мен сүйіспеншіліктің маңызы туралы ой бөліседі.

Айнаш 3 мин 706 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Логопедия

ПМПК қорытындысы негізінде жеке білім беру бағдарламасын құрастыру ерекшеліктері

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Айгөлек" бөбекжайы" КМҚК Логопед Аңдатпа Мақалада психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы негізінде…

Токтарова Еркежан Бауыржанқызы 8 мин 231 оқылым
Логопедия

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған Ава терапия әдістері

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Оңалту орталығы» КММ Логопед маманы Бүгінгі таңдағы аутизмі бар балаларды түзетудегі тиімді әдістердің бірі – ABA (Applied behavior analysis), мінез – құлық терапиясы немесе мінез…

Марқабаева Гүлбахрам Оңайбекқызы 5 мин 203 оқылым
Логопедия

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дамуында қимылдық белсенділіктің рөлі

Маңғыстау облысы білім басқармасының "Оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Логопед Аннотация: бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың қимылдық белсенділігі мен сөйлеу дамуының өзара байланысы…

Ізтұрғанова Мадина Біржанқызы 4 мин 43 оқылым
Логопедия

Сөйлеу тілінің бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дидактикалық ойындар арқылы дамыту

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Оңалту орталығы» КММ логопед маманы Аңдатпа. Бұл мақалада сөйлеу тілінің бұзылысы бар балалардың сөздік қорын дидактикалық ойындар арқылы дамыту жұмысының мазмұны сипатталды.…

Еркасова Салтанат Беккалиевна 7 мин 152 оқылым