Мазмұнға өту

Геосфералардың ластануы Геоэкологиядағы антропогендік факторлар

Akzhan 4 мин оқу 181 оқылым

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі

Сабақ  жоспары

Жоспардың  бөлімі:

Табиғатты тиімді пайдалану және геоэкология

Оқытушының аты-жөні:

Акималиқызы Ақжан

Күні:«____»  ____  20___жыл

Күні:«____»  ____  20___жыл

Курс: _1 Топ: Элек«А»; 1 Вет «А еңбек»
Пән  атауы: География
Сабақтың   тақырыбы: Геосфералардың ластануы

Геоэкологиядағы антропогендік факторлар

Сабақтың типі: Аралас сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Табиғатты қорғау іс-шараларының тиімділігін бағалау (жергілікті/өңірлік компонент негізінде).
Сабақ мақсаттары: Табиғатты қорғау іс-шараларымен танысады

Жер қабықтарының ластану жолдарын көрсетіп, олардың салдарын анықтайды

Жер қабықтарының ластану жолдарын көрсетіп, шешу жолдарын әзірлейді.

Критерийлер: Геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп-салдарын айқындайды;

Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастыруды көрсетеді;

Тілдік мақсаттар: Термин сөздермен жұмыс: Геоэкология, геосфера, экожүйе

Оқу дағдысы: Оқулықтағы берілген мәтінді оқиды

Айтылым: Студенттер тақырып бойынша пікір алмасады, мәселелерді талқылайды.

Тыңдалым: Студенттер жаңа тақырып бойынша материалды тыңдайды.

Жазылым: Графикалық сызбаны құрастыру, кесте толтырады.

Құндылықтарды

дарыту:

«Мәңгілік Ел» жалпұлттылық идеясының Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы құндылығы аясында оқушыларды бірі бірін құрметтеуге, ынтымақтастыққа, ашықтыққа, топтық және жұптық жұмыстарда бірін-бірі тыңдауға, табиғатты қорғауға баулу
Пәнаралық

байланыстар:

Биология, экология
Бастапқы білім: Геоэкология
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: К.Каймулдинова, С.Әбілмәжінова, География. 10 сынып, Алматы 2019, Мектеп.

https://www.almatykitap.kz/upload/files/84810_894731_16.pdf

Техникалық құралдар, материалдар: Интерактивті тақта, видеосабақ,карта
Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет
Сабақтың басы (5 минут)

Сабақтың  ортасы

Ұйымдастыру кезеңі. Студенттермен сәлемдесу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын және жақсы көңіл-күй орнату.                               

Студенттерді топқа бөлу

І топ «Атмосфера»

ІІ топ «Гидросфера

ІІІ топ «Биосфера»

«Миға шабуыл» әдісі

Суреттен қандай қабаттың ластанғанын көріп тұрсыңдар

1 сурет атмосфераның ластануы

2 сурет гидросфераның ластануы

3 сурет литосфераның ластануы

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін

«Табиғаттың ластануы» видеоролигін көрсету

«Оқы. Түсін. Бөліс» әдісі арқылы мазмұнды игеру.

3 топқа мәтін бойынша тапсырма беру.

Геосфераның ластануына антропогендік факторлардың ықпалы басым болды. Негізгі ластаушы көздерге адамзат баласының дамуы және жаңа технологиялық өндіріс орындарының көбеюі мен дамуы әсер етті.

Атмосфераның ластануы тірі организмдер үшін зиянды улы заттардың ауаға таралуы ғана емес, сонымен бірге Жер климатының өзгеруіне әсер етеді.

Атмосфера ластануының антропогендік факторларына автомобильдер, пойыздар, әуе, теңіз және өзен көлігі, өндірістік-технологиялық процестердің нәтижесінде пайда болатын шығарындылар, жылыту қазандықтары мен тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кезінде шығатын шаң мен түтіндер жатады. Сондай-ақ жылу электр станцияларындағы отынның жануы, күкірт диоксидінің шығарылуы әсер етуде. Ал азот оксидтері атмосфераға автомобильдердің шығатын газдарымен бірге шығады. Жанармайдың толық жанбағанынан көміртегі оксиді пайда болады.

Дескриптор:

1.      Атмосфераның,гидросфераның, литосфераның негізгі ластаушы көздерін анықтайды

1 тапсырма

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Топтық тапсырмалар:

І топ Атмосфераның ластануы

ІІ топ Гидросфераның ластануы

ІІІ топ Биосфераның ластануы

І топ  атмосфераның ластану жолдарын көрсетіп, олардың салдарын анықтап, шешу жолдарын ұсынады.

Постерге балықтың қаңқасы суретін салады

-  Басына мәтін бойынша анықталған мәселені жазады.

-  Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға ластанудың себептерін жазады.

-  Төменгі қанаттарға ластанудың салдары жазады.

- Түйінді ой құйрығына жазады.

ІІ топ гидросфераның ластану жолдарын көрсетіп, олардың салдарын анықтап, шешу жолдарын ұсынады

ІІІ топ литосфераның ластану жолдарын көрсетіп, олардың салдарын анықтап, шешу жолдарын ұсынады.

Дескриптор:

1.Геосфераның негізгі ластану көздерін(жолдарын) көрсете алады

2.Ластанудың салдарын анықтай алады

3.Шешу жолдарын ұсынады

4.Берілген тақырыпқа Қазақстанның аймақтары бойынша мысалдар келтіре алады

2 тапсырма

«Онлайн мектеп 5 тапсырма» әдісі

1 . Атмосфераны ластаушы нысандарды тап.

ауыл шаруашылығы

тұрғын үйлер.

ферма

өнеркәсіп

2. Атмосфераны ластайтын негізгі зиянды заттарды анықта.

Дұрыс жауап саны: 3

өндірістік шаң мен түтіндер

пластик заттар

қоқыстар

органикалық қосылыстар

көміртек, күкірт, азот оксидтері

тыңыйтқыштар

табиғи ресурстарды игеру

пайдалы қазбалар

3. Атмосфералық мәселелерді сәйкестендір.

•  Парниктік эффект

•  Озон тесігі

•  Қышқыл жаңбыр

•  Озон концентрациясының азаюы тіркелген кеңістік шегі

• Күкірт оксиді, күкірт ангидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне айналады

•  Жылу газдары әсерінен жылу балансының өзгеру нәтижесіндегі жер шарының әлемдік температурасының жоғарлауы

4. Атмосфераның ластану көздерін анықта. Берілген тұжырымдаманың ақиқат не жалған екенін анықта.

1. Ғаламшардың барлық тұрғыны таза ауамен тыныстайды.

Жалған

2. Ауаны негізгі ластаушы көздер – зауыттар, өндіріс орындары, ЖЭС, көліктер.

Ақиқат

3. Ғаламшарда ауасы өте лас қалалар көп.

Жалған

4. Ауа ластануы – ХХІ ғасыр мәселесі.

Ақиқат

5. Суреттегі ластану аймағын анықта.

атмосфералық

биосфералық

флора мен фауна

литосфералық

Дескриптор:

1.      Атмосфераны ластаушы нысандарды табады

2.      Атмосфераны ластайтын негізгі зиянды заттарды анықтайды

3.      Атмосфералық мәселелерді сәйкестендіреді

4.      Атмосфераның ластану көздерін анықтайды

5.      Ластану аймқтарын анықтайды

Сабақтың  соңы

( 5 минут)

Кері байланыс «Жетістік баспалдағы» әдісі.                       

Студент жеткен баспалдағына аты-жөнін жазылған стикерді жапсырады

-Тапсырманы орындай алдым.........

-Аздап қиналдым..........................

-Қиналдым.........................................

Сабақ  бойынша рефлексия Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Қолданылған әдіс-тәсілдерім тиімді болды;

2.Қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктерін жақсы пайдаландым.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақ мақсаты оқу мақсатына сәйкес түзілуі, қолжетімді болуы.

2. Студенттердің командамен (топта) жұмыс жасау барысында өзінің пікірін айқын айтуды, өзгенің көзқарасымен санасуды, бір-біріне көмек беруі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Akzhan

Осы тақырыптағы материалдар

География

География сабақтарында жасанды интеллектті қолданудың әдіс-тәсілдері

География пәні мұғалімі Қазіргі білім беру жүйесінде цифрландыру үдерісі қарқынды дамып келеді. Соның ішінде жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға үлкен мүмкіндік береді.…

Кубенов Максат Ануарович 206 оқылым 2 мин
География

Географияны зерттеу нысандары

№26 Жамбыл атындағы мектеп гиназиясы Пәні: География Бөлім: 1 Географияны зерттеу тәсілдері.1.1.Зерттеу және зерттеушілер Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты Куанышева Х.О. Күні: 02.09.2025 Сынып: 7 а,ә,б Қатысушылар…

Қуанышова Майра Орақбайқызы 134 оқылым 5 мин
География

География пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын жергілікті компоненттер арқылы дамыту

ШҚО Ұлан ауданы Тайынты ауылы "І.Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені" КММ география пәні мұғалімі Кіріспе Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты мақсаты – оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.…

Ошай Б. 60 оқылым 2 мин
География

Жасанды интелекттің география пәніне пайдасы

Жасанды интеллект (ЖИ) география пәніне айтарлықтай пайда әкеледі. Ол табиғи процестерді талдаудан бастап, кеңістіктік деректерді өңдеуге дейінгі көптеген бағыттарда қолданылып, географиялық білім беруді жақсартып,…

Bilimger Media 209 оқылым 2 мин