Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Эссе

Жанабаева Фарида Капасовна
2 мин оқу 649 оқылым

Жанабаева Фарида Капасовна

Мұхтар атаның кітабын оқи отырып, «Эверестке шыққандардың тізімі,саусақпенен санарлық» деген өлең жолдары махабаттың жер бетіндегі ұлы сезім және оның  көз жетпейтін нәзік шың тектес қасиетіне тамсанып, ерекше сезімге бөлендім. Менің автордың жазғанынан түсінгенім, махаббаттың нәзік шыңына тек оның суығына тоңып,қиын-қатпарына шыдаған жандар ғана шыға алады екен.
Ақынның махаббат, ғашықтық, адалдық т.б. шоқтығы биік біршама туындыларын оқыдым. Қайсысын алып қарасам да батылдыққа, шыншылдыққа, адамгершілікке шақырады. Батылдықтың айнасы болған жазушының «Эверестке шығу» өлеңі адамға әртүрлі ой салады екен.Өлеңдегі екі ғашықтың махабаттың биік шыңына шығып, бір-біріне деген серттерін жүректерінде мәңгілік сақтап, өлім есігін бірге ашуы, әрине, кімді болса да елең еткізер жәйт. Анығырақ айтатын болсақ, әміршінің қатал заңы бойынша өзін-өзі өлтіруге тиісті Транзейдің сол мезеттегі ауыр халі оқырманның жанын жылатады. Автордың: «Мені айналып, өте алмайтын кезеңге тап болдың ба? Дегендей-ақ жарқ-жұрқ етіп қанжар жатты алдында» деген тармақтары, менің ойымша, Транзейдің жан дүниесін  алай -дүлей қара түнек басқанын көрсету секілді.Тағдыры шешіліп қойғанын білсе де,  ол бұл өмірді қия алмай, ойы сан-саққа жүгіреді. Әрине, адамға өзін-өзі өлтіру оңай болып па?
Махабаттың құндылығын Мұхтар атамыз Транзейдің  тірі өлік болып тұрған жерінен, оған Аррия арудың келген жерінде биікке шарықтата көрсеткен.  Ғашықтық сезімінің құдіретін жеткізіп, ер намысын кемітпеген әйелдің ісінде үлкен ұлылық бар.Транзейдің ез мінезін сынға ала, «Құдай саған еркек деген ат берді» дейді.Әрине, бұл кейіпкерлер бізге мысал. Кез келген жастағы адамға ой салатын үлгіде жазылған өлең дегім келеді.Жігіт ар-намыс рухты бірінші орынға қойғанда ғана «еркек» деген атқа лайық деп ойлаймын. Қазақ- текті халық. Менің ойымша, ақынның мұндай  отты жырлары намысты қазақ жігіттерінің рухын оятары сөзсіз.

Сөзімді қорытындылай келсем, Мұхтар атаның өлеңдерінің ерекшелігі- ішкі мазмұнының тереңдігі мен ой ұшқырлығы. Айтар сөз, адал сезім кейіпкер тағдырымен,  ақынның өз тағдыры  тікелей астасып жатады екен. «Намыссыздық - барлық бақытсыздық бастауы» деп Мұхтар Шаханов бізді осы ездік апатынан сақтандырады. Сүйіп ғашық болу кімнің де болса қолынан келеді. Бірақ махабаттың биік шыңына шығу, қажет болса сол шыңнан бірге құлау, ол тек серттері жүректерінің түкпіріндегі ғашықтардың ғана қолынан келеді. Рухсыздық апатынан сақтануда ақын өлеңдері көмекке келетініне мен сенімдімін.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:10

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жанабаева Фарида Капасовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Эссе

Соғыс өрті

Эсседе Екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті, майданға аттанған қазақстандықтар және Отанды қорғаған ерлердің ерлігі баяндалады.

Жанабаева Фарида Капасовна 3 мин 311 оқылым
Эссе

Соғыс

Эсседе Екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті, қазақстандықтардың майдан мен еңбек майданындағы үлесі және Отан қорғағандардың ерлігі сөз болады.

Жанабаева Фарида Капасовна 3 мин 547 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 115 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 902 оқылым