Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ертеңгіні болжағың келсе,елдің кешегісін танып ал

Автор

Жұбан Молдағалиев
3 мин оқу 866 оқылым

«Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін

Қайта тудым өмірге, қайта келдім

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім»

Жұбан Молдағалиев

Туған жер... Бұл сөзде қаншама сезім, қаншама адалдық, қаншама махаббат бар. Сол сезімдер кейде әрбіріміздің жанымызды керней түсетіндей көрінеді . Туған жердің әрбір тасы мен тауы, қаласы мен даласы, шүйгіні мен орманы бізге аса бағалы. Туған жердің сарқыраған өзендері мен тұнық көлдері,

биік шыңдары жазира даласы жаныңды шын мәнінде тыныштыққа бөлейді. Біздің еліміз -Қазақстан Республикасы- бүгінгі таңда даму жағынан

көптеген елдерден алда келеді. Мұның басты себебі деп, еліміздегі жанашыр, әрі өз Отанының шын патриоттарының жасаған еңбектерінің жемісі деп білемін. Бірақ біздің еліміз қашанда осындай тәуелсіз әрі бейбіт болған емес. Әр елдің болмасын тарихында киындықты бастан кешкен кездері болады емес пе? Сол сияқты біздің еліміз басындағы түрлі қиындықтар тарих беттеріне түскен әжімдей әр адамның есінде сақтаулы тұр.

Қазақ елінің толық қалыптасу кезеңі деп Қазақ хандығының құрылуын айтамыз. Осы кездерде біздің батыр бабаларымыз, білікті ел басқарушыларымыз ұлтарақтай жерімізді жау қолына бермеу үшін, қыздарын күң қылмай, ұлдарын құл қылмай, болашағына зор үмітпен қарап, жерімізге көз алартқандарға қарсы соққы беріп отырған.

Осы кезеңдегі ел тарихына үлкен үлесін қосқан әйгілі шешен билеріміз болған. Олардың сарабдылықпен сарапқа салынып, шын жүректен шым жібекше ширатылып шыққан даналық иірім көпшілік қуаттап, жұртшылық қолдаған, талғам таразысына салынып, тапжылтпай тауып айтқан әрбәр сөзі ел тарихында елеулі орын алған.

Ал бұдан кейінгі кезеңді біз еліміздің біртіндеп Ресей бодандығына қосыла бастауымен байланыстырамыз. Алғаш болып Кіші жүз қазақтары бастаған бұл үрдісті қалған екі жүз қазақтары жалғастырып кетті. Сонымен қазақ жері түгелдей дерлік Ресей қол астында болды. Солай қараңғы қазақ өз жерінде өзі нансыз қалды. Тек билер мен болыстар, өз ұлтын ұмытып, орысқа жалтақтай беретін «ел басқарушылар» жақсы өмір кешті. Осы кезде елімізде Махамбет пен Исатай, Кенесары мен Сырым, Амангелді мен Әліби сынды біртуарлар бой көрсетті . Әйгілі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы да осы кезге сай келді.

Ақтабан шұбырынды...

Ақтабан шұбырынды...

Қадарсын қайда барып тұғырыңды?!

Қазақ жері алып бір қара қазан,

Қазанда қайран жұртым қуырылды.

Өз халқымызды өздеріміздің хандарымыз қанап отырғанын көрген Махамбет пен Исатай Жәңгір ханға «Хан емессің қасқырсың» деп бетіне басып, халықты көтеріп, ханға қарсы шықты. Бұл көтерілістерді хан айла шарғымен басып тастағанымен, ел жүрегінде көтерісшілер нағыз батыр болып қалады.

Ал 1991- жылы еліміз өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл желтосан оқиғасымен тығыз байланысты. Себебі, егер біздің жастарымыз сол алғашқы қадамды жасамағанда, еліміз тәуелді күйінде қала берер ма еді? 1986- жылғы жастар көтерілісі санамыздағы өшпес із. Біз мәңгіге сол жастардың көрген қиындықтары мен тілеген тілектерін, айтқан аманаттарын естен шығармаспыз.

Бүгінде біз дамыған елдермен терезесі тең, тұғыры биік мемлекетпіз. Бұған біз елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей атсалысуымен қол жеткізіп отырмыз. Еліміздің өз халқы, өз тілі, өз ұлты бар. Мемлекеттік мәртебемізді асқақтатын мемлекеттік рәміздеріміз де бар. Біз қазақ жұрты тәуелсіздігімізді білдіретін рәмәздерімізді қадірлеуіміз қажет.

Менің тілейтінім Қазақстанымның қашанда тек биіктерден көрінуі. Біз Қазақстан азаматары, игі ағалар жолын қууда мүлт кетпейміз деп сенемін. Еліміздің тарихын қастерлейік, ұмытпайық. Өйткені тарихы жоқ елдің ертеңі болуы мүмкін емес!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Жұбан Молдағалиев

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Бастауыш сынып

"Менің Отанымның Тәуелсіздігі"

Мәтінде Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолы, Желтоқсан оқиғасының маңызы, ел бірлігі мен бейбітшіліктің құндылығы сөз болады.

Жұбан Молдағалиев 300 оқылым 8 мин

Осы тақырыптағы материалдар

География

География сабақтарында жасанды интеллектті қолданудың әдіс-тәсілдері

География пәні мұғалімі Қазіргі білім беру жүйесінде цифрландыру үдерісі қарқынды дамып келеді. Соның ішінде жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға үлкен мүмкіндік береді.…

Кубенов Максат Ануарович 215 оқылым 2 мин
География

Географияны зерттеу нысандары

7-сынып география сабағына арналған жоспарда оқушылар зерттеу нысандарын анықтап, табиғи және әлеуметтік нысандарға мысал келтіреді.

Қуанышова Майра Орақбайқызы 134 оқылым 5 мин
География

География пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын жергілікті компоненттер арқылы дамыту

ШҚО Ұлан ауданы Тайынты ауылы "І.Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені" КММ география пәні мұғалімі Кіріспе Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты мақсаты – оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.…

Ошай Б. 60 оқылым 2 мин
География

Жасанды интелекттің география пәніне пайдасы

Жасанды интеллект географияда деректерді талдауға, карталарды жаңартуға, климаттық өзгерістерді болжауға және оқытуды жақсартуға көмектеседі. Сондай-ақ оны қала жоспарлау, ауыл шаруашылығы мен туризмде қолданады.

Bilimger Media 210 оқылым 2 мин