Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Зеректік

1 мин оқу

Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам қарсы шығып:
— Беймезгіл жүрген түйе көздеріңе түспеді ме? — деп сұрады. Жолаушының біреуі:
— Түйеңнің оң көзі соқыр ма еді? — дейді. Жоқшы:
— Иә, — деп басын изейді. Екінші жолаушы:
— Түйеңнің оң жақ артқы аяғы ақсақ па еді? — деп сұрайды.
— Дұрыс! Сол жақ артқы аяғының сылтығы бар еді, — дейді. Сонан соң, үшінші жолаушы:
— Түйеңнің құйрығы шолақ па, еді? — деп сұрайды. Жоқшы:
— Иә, құйрығы шолақ, — деп, асығып жауап береді де:
— ол түйені қайдан көрдіңіздер? — деп сұрай бастайды. Жолаушылар:
— Көргеніміз жоқ, — дейді.
— Көрмесеңдер, түйемнің белгісін қайдан білдіңдер? Түйемді сендер ұрладыңдар! — деп жоқшы жабыса кетеді. Жолаушылар:
— Ау, жаным, денің сау ма? Түйеңді ұрламақ түгіл көргеніміз де жоқ, — дейді. Жоқшы бұл жауапқа қанағаттанбайды. Төртеуі бір биге келіп, жүгінеді. Би сұрастыра келе:
— Ұрламасаңдар, көрмесеңдер, ол түйенің бейне-белгісін, көрген кісідей анықтап, байқап, қайдан білдіңдер? — дейді. Жолаушылар:
— Біз ұры емеспіз, мал баққан, малмен көзімізді ашқан шаруаның балаларымыз, сондықтан білдік. Біз тоғышар емеспіз, — деп, жауап береді.
— Қалай білдіңдер? — деп, би қайта сұрайды. Жолаушылар:
— «Түйенің оң көзі соқыр ма еді?» дегеніміз: түйе бара жатып, ылғи жолдың сол жағындағы шөпті жепті, оң жақтағы шөпті жемепті. Аяғының ақсағын білгеніміз: тұрған жерінде, түйе артқы сол аяғын көтеріп тұрыпты. Түйенің құйрығы шолақ екенін білгеніміз: құмалақ тастағанда, алысқа жіберіпті. Шолақ түйенің құмалағы алысқа түседі, құйрықты түйе құмалағын алысқа тастай алмайды, — депті.

Қазақ халық ертегілері

Барлығы: 101 ертегі

Тағы оқыңыз