Үш жалқау
1 мин оқу
Ертеде бірінен — бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай беру екен.
Бірде үшеуі жолға шығыпты. Тоғай арасына келгенде, мәуелі ағаш көлеңкесіне қисая кетіпті. Бірінші жалқау:
— Е... құдай, мына өріктер піссе, — депті.
Екіншісі:
— Ауызға келіп түссе, — депті.
Сонда үшіншісі оларды міней сөйлеп:
— Түу, соны айтуға қалай ерінбейсіңдер, — депті.