«Өлген» қазан
1 мин оқу
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», — демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:
— Қожеке, алыңыз, алыңыз! — деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:
— Же, шапаным, же! — деп, отыра береді.
Үй иесі:
— Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? — дейді.
Сонда Қожа:
— Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! — деп, жауап береді.