Арман
1 мин оқу
Қожанасыр шомылып жатып, дарияға ау салып жүрген балықшыларды көреді. Ол сүңгіп барып, ауға түсіпті.
— Ауға үлкен балық түскен сияқты, сілкінуі зор, — деп, балықшылар ауды тартып қараса, Қожанасыр ыржиып шыға келіпті.
— Қожеке, бізді мұншама масқара етіп, ауда неғылып жүрсіз? — десе, Қожанасыр:
— Суда балықша жүзу ежелгі арманым еді, обалыма қалдыңдар, — деп, балықшылардың өздеріне байбалам салыпты.