Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ережесіз жекпе-жек

Автор

Молдашева Ақбөпе
2 мин оқу 43 оқылым

Ережесіз жекпе-жек ел мен ердің атын шығаратын спорттың бір түрі  

Жалпы, өзіңізді   сайт оқырмандарына таныстыра өтсеңіз.  

Мен, Камалиден Ашмухан Ерланұлы. Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ ауылының тұрғынымын. Ермұхан Бекмаханов атындағы мектебінің 2016 жылғы түлегімін.

Спортқа қай жастан бастап қызыға бастадыңыз және спортқа келуге қандай себеп немесе мақсат болды?  

Спортқа жалпы бала кезден қызығамын. Мектеп кездерінде дене шынықтыру сабағын жақсы көретін едім. Қателеспесем, 3-4 сынып оқыған кезімде дзюдо күрес түрімен айналыстым, содан кейін 7-8 сынып оқып жүргенде, қазақша күреспен айналысып, ауылдар арасында жарыстарға барып, спорт жолында ақырындап жетістікке жете бастадым. Спортқа баруым әкемнің арқасы. Есіме ес кіргелі, әкем спорт жағынан бар білерің үйретіп, әрдайым мотивация берді. Әкемнің ықпалымен спортқа деген махаббаттым еселене түсті.

Әлемде аты шулы ережесіз жекпе-жее аса қауіп келтірер спорт түрі болып

саналады. Жалпы, осы спорт түріне келуіңізге ата-ана тарапынан қарсылық болды ма? Және оларды қалай көндірдіңіз?  

Қазіргі кезде ең ауыр спорт түрі ережесіз жекпе-жек. Ия, қарсылық жайында қозғайтын болсақ, бастапқыда ешқандай қарсылық танытпады. Бірақ, спорт болғаннан кейін әртүрлі жағдай болады. 2019-жылы бір жарысымда ауыр жарақат алып, ауруханаға түсіп қалдым. 2 аптаға ауылға келіп, еп алуға бардым. Үй-ішім түрімді көріп шошып қалды. Содан кейін жақындарым мен ата- ана тарапынан қарсылық пайда болды. Бірақ, өзім ойлана келе, таңдауым осы спорт түрі болғандықтан, бәрі жақсы болады деген ниетпен, соңына дейін барамын деп ата- анамды көндірдім.

Болашақ жас спортшыларға айтар ақыл-кеңесіңіз.  

Болашақ жас спортшыларға, келешек ұрпаққа: спортпен айналысыңыздар, спорттың арқасында біраз жетістіктерге жетуге болатындығын айтқым келеді. Спортта тек сабырлы, төзімді және қарапайым адам қалпында қалуды айтамын. Себебі, спорт, бәсеке болған жерде, жеңіс те, жеңіліс те бар. Осыларды көтере білген спортшы ғана, биік белестерді бағындырады!

Нағыз ережесіз жекпе-жекке қатысатын спортшы қандай болуы керек?  

Нағыз спортшы, әрдайым спорттық формада, бастысы қайсар мінезі, рухты намысы, физикалық жақтан күшті, дұрыс шешім қабылдай алып, өзіңе сенімді болуы қажет.

Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

Өмірлік ұстанымым:«шаршасаң демал, бірақ, алған қойған арман-мақсаттарынан бас тартпа». Осы мақсат демекші, өзімнің кіндік қаным тамған, Ұзынбұлақ ауылында жас балаларды спорттан дайындап, жарыстарға шығару.

Өзіңіз үлгі тұтар кумиріңіз кім? Неліктен сол жанды өмірлік тұлға ретінде үлгі тұтасыз.  

Спорт саласында кумирлік спортшы, жауынгерлік самбодан 3-дүркін әлем чемпионы, аралас жекпе-жектен әлемге танымао Арман Оспанов ағамыз. Қарапайым, сыпайы спортшы, тәжірбиесі мен өзгешелігі өзге спортшылардан артықшыланады, отбасына қамқор, адал, еңбекқор азамат.

Әңгіме соңында ережесіз жекпе-жек спортының елдегі даму қарқыны жайлы айта кетсеңіз.  

Қазіргі таңда, елімізде аралас жекпе-жек спорт түрі жақсы дамуда. Мықты спортшылар саны көбейіп жатыр. Осындай  биік дәрежеде, үлкен проумомоушиндерде спортшылар жүруін тілеймін!

Сұхбатыңызға рақмет! Алдағы мақсаттарыңыз өз нәтижесін беруіңе тілектеспін! 

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Молдашева Ақбөпе

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Электронды темекіден қашан құтыламыз?

Мәтінде электронды темекінің жастарға зияны, құрамындағы никотин және сатуға қойылған шектеулер сөз болады.

Молдашева Ақбөпе 28 оқылым 1 мин
ҰБТ

ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?

2024 жылғы түлек ҰБТ-ға дайындалу жолдарымен бөліседі: пәндерді алмастырып оқу, тестті өз бетіңше орындау, қателерді талдау және демалысқа уақыт бөлу.

Молдашева Ақбөпе 35 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Спорт

Азиада-2026: Қазақстан қанша медаль алды? Қорытынды және медальдар кестесі

Азиада-2026 қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынына 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль түсті. Осы нәтижемен Қазақстан…

Bilimger Media 5 мин
Спорт

Елена Рыбакина Бейжіңде сенсациялық жеңіліске ұшырады: Чараева әлемнің бірінші ракеткасын тоқтатты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің екінші айналымында Алина Чараевадан 6:3, 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

Bilimger Media 3 мин