Мазмұнға өту

«Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру»

Абилова Зауре 2 мин оқу 222 оқылым

Ерекше білімді қажет ететін балалардың психикасының қалыптасуы мен дамуы дені сау балалармен салыстырғанда баяу жүреді. Балалық шақтың осы таңғажайып мүмкіншіліктері мидың, белгілі бір жүйке құрылымдарының толысып, пісіп - жетілуіне және олардың функционалдық қасиеттеріне байланысты. Бұдан шығатыны баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қасиеттер оның шығармашылық қабілеті дамуының негізін қалайтын жағдайларды тудырады.
Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, олардың практикалық дағдыларды именденуі сәбилік кезеңнен басталады. Маманның бұл бағыттағы жұмысының ғылыми негізде құрылуының және талапты бірте - бірте, жүйелі күрделендіру, әр түрлі жастағы балалардың білімі мен іскерлігін саралап қарау принцирін сақтап, өнердің әр түрінің қазіргі кездегі даму деңгейін ескеретін белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізілуінің маңызы зор. Баланың ақыл-ой ерекшеліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл-ой қабілетін дамыту, оның нақты дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты балалардың толыққанды ақыл-ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет.
Баланың шығармашылық қабілетін үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең – материалды тез қабылдап, жылдам меңгеретін бала.
Екінші кезең – арнаулы тапсырманы мұқият орындайтын бала.
Үшінші кезең – берілген көркемдік білімді баяу қабылдайтын бала.
Осы орайда баланың ынта-жігерін арттыру арқылы шығармашылық деңгейін дамытуға болады. Баланың қабілеттілігін дұрыс түсіну үшін баланың жас ерекшелігін психологиясын білу және ескеру қажет. Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер «жасай алмаймын, қолымнан келмейді» деп өздерін үрейге, қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жұмысына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу – жасқаншақтық немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі – жалқаулыққа жеңдіреді. Психологиялық дайындық, яғни педагогтың психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін балаға педагогтың берер психологиялық әсері мынадай болмақ керек деп ойлаймын:
• «Сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», деген сөздермен баланың ерік-жігерін билеп, сенім білдіру;
• Бүлдіршіндердің кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу.
• Шығармашылық сәтте балаға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;
• Балалар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
• Баланың қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білуі тиіс.
Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында кабинетіміздің ішінен қолөнер үйірмесін ашып, оқушыларымыздың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлес қосудамыз. Қолөнер үйірмесінің жетекшісі мен боламын – Абилова Зауре Мутиголлақызы. Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар үйірменің әр сабағында ұйымдастырылады. Үйірмеде сурет салу, жапсыру, тігу, мүсіндеу, құрастыру сияқты жұмыстар жүргізіледі.
Қорыта айтқанда, ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізіне қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Баланың шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Абилова Зауре

Автордың басқа материалдары

Баяндамалар

«Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру»

Ерекше білімді қажет ететін балалардың психикасының қалыптасуы мен дамуы дені сау балалармен салыстырғанда баяу жүреді. Балалық шақтың осы таңғажайып мүмкіншіліктері мидың, белгілі бір жүйке құрылымдарының толысып, пісіп…

Абилова Зауре 174 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Отбасы ол өмір баилығы сенің туған қарындас ағаң и әпкең ия отбасы да жеке мәселелер қозғалады отбасы мен кешкі ас ішу және отбасымен бірге қыдыру табиғат аясына шығу секілді және т.б отбасы да бірлік татулық ынтымақ…

Қалиасқар Елдина 41 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Дос

Салем дос ! Иә біздің көтеріп отқан мәселеміз дос ол сіздің жанашырың қолдаушың және ең жақын досың иә әр адамда өзінің сенетін досы болады дос деген өміріңде қымбат адам дос ақшаға байлықа сатылмайтын алтын қазына…

Қалиасқар Елдина 42 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 60 оқылым 14 мин
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

«Ауылдың тыныс-тіршілігі» Кіріспе Ауыл – қазақ халқының рухани және мәдени өмірінің негізі. Ауылдың тыныс-тіршілігі табиғатпен тығыз байланысты, сондықтан ауыл өмірі экология, экономика, және әлеуметтік қатынастардың…

11"Б" сынып оқушылары 42 оқылым 1 мин