Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда педагогтің рөлі»

Маликова Нургул Сайдуллаевна
2 мин оқу 207 оқылым

Маликова Нургул Сайдуллаевна

Эссе

«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда педагогтің рөлі»

«Бала кемістігінің даму деңгейі төмен болса,

соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі

жоғары болуы керек».

П.Шуман

Қазіргі таңда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасау қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Мүмкіндігі шектеулі немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жан-жақты дамуы мен білім алуына жағдай жасау біздің міндетіміз деп білемін. Бұл дегеніміз, мұғалім әр білім алушының физикалық, психикалық, әлеуметтік, сондай-ақ мәдени жағдайына қарамастан, жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқушылардың оқу-тәрбие процесін қабілетіне қарай бейімдей алуы қажет. Менің ойымша, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту мұғалімнен шыдамдылықты, шығармашылықты, еңбекқорлықты, кәсіби шеберлікті талап етеді.

Мен, Шымкент қаласы білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келемін. Арнайы мектепке алғаш рет жұмысқа келгенімде балаларға тез бауыр басып кететінімді елестете де алмадым. Ерекше балалармен жұмыс жасау қиыншылығы мен қуанышы қатар жүретін іс деп білемін. Ерекше бала – айналадағы тұтас әлемді ерекше қабылдайтын тұлға деп санаймын. Сондай-ақ, мұндай балалар біздің көмегіміз бен қолдауымызды қажет етеді. Менің ойымша, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытатын мұғалімнің басты мақсаты - оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға,  жаңаша ойлауға, белсенділігін арттыруға, білімге деген құштарлығын оятуға, өмірінде оны қолдана білуге бағытталуы қажет.

Бүгінгі таңда әр күн көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы болғандықтан, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды заманауи арнайы әдіс-тәсілдермен оқытып, жаңаша білім беріп, әр оқушының қабілетіне қарай икемделуіне жағдай жасап, сонымен қатар шығармашылық, логикалық, есте сақтау қабілеттерін дамытуға септігімізді тигізу арқылы біз педагог статусына ие боламыз. Менің көзқарасым бойынша құзыретті мұғалім өз тәжірибесін осындай іс-әрекеттер арқылы жетілдіре түседі.

Қорыта келгенде, білімнің шексіз жаңалықтарын орынды, тиімді іске асыру жолдарын тиянақты орындауға болады. Біз бүгінгі міндеттерді жүзеге асыру арқылы Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосатын боламыз. «Шәкірттің білімді болуы - ұстаз қолында».

ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Маликова Н.С.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:08

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Маликова Нургул Сайдуллаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 115 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 902 оқылым