Мазмұнға өту

Еңбектің наны тәтті

Шалдамбаева Кульмира Мамырбековна 3 мин оқу 110 оқылым

Шымкент қаласы

ШҚ ББ " Қосалқымектеп-интернаты" КММ

Дефектолог- тәрбиеші

Шалдамбаева Кульмира Мамырбековна

Тақырыбы: «Еңбектің наны тәтті»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға еңбек туралы түсінік беру

Дамытушылық: Таным белседілігін арттыру, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке адамгершілікке, мейірімділікке, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрсету ,ой-қозғау, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, еңбекке баулу.

Құрал-жабдықтар: көрнекті құралдар: суреттер, бейнеролик.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңбер:

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты- еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты- еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек!

Тәрбиешінің кіріспе сөзі.

Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет, ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген.

Олай болса біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз еңбек туралы болмақ.

Еңбек–адамның атақ–даңқын шығарады. Еңбектенген адам жемісті, қуанышты болады. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш.

Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар? Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.

1. Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады

2. Адал еңбек адамды қуанышты сезінуге,өзіне деген сенімділікке жетелейді,бақытқа,байлыққа жеткізеді

3.Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы,беделді болады.Әрқашан өз ісімізге адал болып,еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбекті бағалап қадірлейік.

1. «Еңбек түбі – зейнет».

2. Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді.

3. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың.

4. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің.

5. Біздің еңбегіміз сабақты жақсы оқып, ата-анамызды қуанту.

Көрініс: « Қайдан келдің, бауырсақ?»

Дастарханда шашылып, Жатты аппақ бауырсақ. Бауырсаққа қызығып, Қарап тұрып көзін сап: — Қайдан келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ. — Дүкеннен келдім нан сатқан, деді оған бауырсақ. — Дүкенге келдің қай жақтан? — Наубайдан келдім нан жапқан. — Наубайға келдің қай жақтан? — Диірменнен келдім ұн тартқан. — Диірменге келдің қай жақтан? — Даладан келдім кең жатқан.

«Нан дастарханға қалай келеді?»

1.Желкілдеген желменен, 2.Кең жазира теп-тегіс,

Жерді егін тербеген Тербеледі нұрлана.

Өсіреді дихандар, Толқынданған көк теңіз,

Тамшылаған терменен. Егін жатыр ырғалып.

3.Көзді тартып қиырдан, 4.Комбайыншы ағайым,

Көңіліңді ашады Орады егіс жайқалған.

Күн нұрына тойынған, Атанып жүр әрдайым

Кере қарыс масағы. Еңбек ері майталман.

5.Дала біткен жайдары, 6.Дихан бабаң екті де

Құлпырыпты, түлепті. Еңбектен еш қашпады.

Ақ бидайды айдарлы Алдыңа кеп төкті де

Жапан түзге кім екті? Ақ нанды үйіп тастады.

Қорытындылау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға

үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Шалдамбаева Кульмира Мамырбековна

Осы тақырыптағы материалдар

Дефектология

Дефектологтың жылдық жоспары 2026: қалай құрылады, бөлімдері және дайын үлгі

Дефектологтың жылдық жоспары дегеніміз не? Дефектологтың жылдық жоспары — арнайы педагогтың оқу жылы бойы атқаратын жұмысын жүйелеуге арналған жоспарлау құжаты. Жылдық жоспар арқылы маман өзінің негізгі жұмыс…

Bilimger Media 167 оқылым 7 мин
Дефектология

Дефектологтың құжаттары 2026: толық тізімі және дайын үлгілер

Дефектологтың құжаттары қандай? Дефектолог, яғни арнайы педагогтың жұмысы тек түзету-дамыту сабақтарын өткізумен шектелмейді. Мамандардың жұмысын дұрыс жоспарлау, білім алушылардың даму динамикасын бақылау және…

Bilimger Media 215 оқылым 8 мин
Дефектология

Дефектологтың құжаттары 2026: толық тізімі, үлгілері және дұрыс рәсімдеу тәртібі

Дефектологтың құжаттары дегеніміз не? Дефектологтың құжаттары – арнайы білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде және мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс істейтін дефектолог маманның кәсіби қызметін жоспарлау,…

Bilimger Media 289 оқылым 3 мин
Дефектология

Нейропсихологический подход в коррекционной работе с детьми с ЗПР, ЗРР и нарушениями слуха (слуховыми аппаратами икохлеарными имплантами).

Учитель-дефектолог, сурдопедагог, педагог-исследователь. Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции № 1" акимата города Астаны. АННОТАЦИЯ В статье представлен авторский опыт…

Нургазина Макпал Омирузаковна 74 оқылым 3 мин