Колбаев Азамат Кенжегалиевич
Көркем еңбек пәні мұғалімі
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№21 Жалпы білім беретін мектеп КММЕңбек-бақытқа апарар жол.
Еңбек-бұл адамның мақсатты әлеуметтік пайдалы қызметі.Еңбек-қоғам өмірінің басты шарты болып табылады.Өйткені,оның арқасында адамзаттың өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктер жасалады.Адамның іс-әрекетінің арқасында табиғи ресурстар өнімге айналады.Еңбек-адамды жануарлардан ажырататын ең маңызды белгі.Еңбектің арқасында адам табиғаттағы табиғи ресурстарды өзгертіп қана қоймай,өзі жетіліп ақыл-ой және физикалық қабілеттері өседі.Еңбек процесінде адам табиғат күштерін өз мақсаттарына бағындырады.Қоғам дамыған сайын еңбек бөлінісі пайда болады және тереңдей түседі.Еңбек өзінің мазмұны мен сипаты бойынша ақыл-ой, физикалық, білікті (күрделі) және біліксіз (қарапайым) болып бөлінеді.Ақыл-ой еңбегі бұл адамның ойлау әрекеті.Бұған-инженер,дәрігер, агроном, мұғалім,ғалым және басқалардың жұмыстары мысал бола алады.Дене еңбегі-бұл адамның физикалық белсенділігі.Бұған мысалы-шаруалар,дихандар т.б мысал бола алады.Білікті жұмыс арнайы дайындықты талап етеді.Дамыған елдер әлдеқашан еңбек арқылы өркениет жолына түскен.
Елдің еңсе көтеріп табысқа жетуі үшін, халықтың білімді,білікті,еңбекқор болғаны маңызды.Ал білімде,өнерде адал еңбекпен келеді.Адал еңбегімен өз кәсібінің шыңына шыққан адамды айналасы еріксіз құрметтейді.Еңбек адамды шынықтырып мінез құлқын қалыптастырады.Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа,шаттыққа бөленеді.Әрқашан еңбекпен жұмыс бастағанда сеніммен жұмыс бастауымыз керек.Жұмсалған еңбектің бостан-босқа кетпейтініне сабырмен сенуіміз керек,ал сенімсіздікпен жасалған іс ешқашанда алға баспайды.Сондықтанда жетістікке жетудің сыры-қажырлы еңбек,сабыр ету,еңбегіміздің босқа кетпейтініне сену болып табылады.
«Сабырлы жетер мұратқа,сабырсыз қалар ұятқа»деген қанатты сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек.Еңбексүйгіш,еңбекқор және еңбекті бағалай білген адам ғана бақыттың дәмін сезеді
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/engbek-baqytqa-aparar-zhol
Осы материал бойынша
AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.
Колбаев Азамат Кенжегалиевич
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.