Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ БҮГІНГІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Автор

Маемырова Мейрамкуль
2 мин оқу 486 оқылым

ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ БҮГІНГІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Маемырова Мейрамкуль

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Өнер бөлімінің оқытушысы

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы бүгінгі білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын аға-апалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Бүгінгі жастар ерекше ұрпақ, себебі олар тәуелсіз мемлекетімізде дүниеге келіп, ержетіп, білім алып, еліміздің өткеніне көз жүгіртіп,бүгінгісіне қызмет етіп, болашақта еліміздің көтерілу және гүлденуіне, жетістіктерге жету үшін талмай ұмтылыс жасайтынына сенім мол.Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез - келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, заманауи технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары кез-келген сынақтардан сүрінбей өте алмады. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Статистика агентігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегі адам санының 4,5 миллионнан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз халқымыздың 30 пайызы жастар, ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап мемлекетімізге ылайықты тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойында рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойының да, бойының да түзу өсіруіне ел болып ықпал жасау парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры екенін бойларына сіңіру қажет.Бала бақшадан бастап, мектеп, колледж немесе жоғарғы оқу орындарында жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, тәрбиелік мәні үлкен іс-шаралар ұйымдастырумен қатар өткеніне де көз жүгіртіп, оң-солын тануына ықпал ететін қоғам болуымыз керек. Еліміздегі әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

Қорыта келе айтарым, еліміздің болашағы бүгінгі жастардың қолында. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпеу үшін  ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, тәрбиелейік.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Маемырова Мейрамкуль

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Білім берудегі жаңарту жолдары

Қоғамда туындап отырған жаңа экономикалық қатынастарға орай білім беруді реформалау мәселесі туындайды. Реформалаудың басты мәселесі білім мазмұнын толық жаңғырту жетілдіруді талап етеді. Ол білім беру стандарттарын,…

Маемырова Мейрамкуль 1 206 оқылым 6 мин
Колледж

Білімгерлердің жаңашыл бағыттағы іскерлігін арттыру

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясымен оқыту үрдісі түбегейлі өзгеріске енуде және оқытудың жаңа түрі, білім берудің мазмұны жаңартып, жаңа көзқарас, жаңаша…

Маемырова Мейрамкуль 1 244 оқылым 5 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Баяндамада отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара қолдауы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасының өмірдегі орны сөз болады.

Қалиасқар Елдина 43 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Дос

Баяндамада достың жанашырлығы мен адам өміріндегі орны айтылады. Мәтін достықты бағалап, айналаға жақсылық жасауға шақырады.

Қалиасқар Елдина 43 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 61 оқылым 14 мин
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

Баяндамада ауыл шаруашылығы, мәдениет пен дәстүрлер, отбасы және тұрғындардың өзара көмегі сөз болады.

11"Б" сынып оқушылары 42 оқылым 1 мин