Мазмұнға өту

Елді түзетуді, бала оқыту ісін түзетуден бастау керек...

Саринова Гаукар Солтановна 3 мин оқу 407 оқылым

Саринова Гаукар Солтановна

      Абай   атамыз  айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз  ұстаз – тұл » деп  адам  баласының  кісі  болып қалыптасуы  көбінесе  ұстазға  байланысты деп  ерекше  атап  өткен. Бүкіл адамзат болмысының тірлігінің мәні қай заманда, қай ғасыр, қай қоғамда болмасын адамдар тірлігінің мақсаты, болашаққа жалғастырар алтын көпірі, аманат етер асылы- оның ұрпағы. Сондықтан да күллі адамзат дүниесіне ортақ мүдде- ұрпақ тәрбиесі. Ал сол ұрпақтың азамат болып шығуына бағыт- бағдар беріп, үнемі қадағалау – бүгінгі ұстаздар қауымының жауапты жұмысы деп білемін. Оқушыға  ұстаз қандай қажет болса, ұстазға да шәкірт сондай  қажет екенін ұмытпауымыз керек.

Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші-ұстаздардың қолында.Сондықтан өз білгенімді көңілге түйіп, көргенімді қолмен ұстап, әр сабақ сайын оқушыларыма жаңашыл инновациялық технологиялардың көмегімен қызықты да түсінікті оқу материалын меңгертуге тырысамын. Әр сабақ соңында кері байланысқа уақыт бөлемін. Өйткені сабақ туралы оқушыларымның пікірі мен үшін өте маңызды. Өз қызметім барысында: біріншіден, оқушының өз-өзіне сенімді болуына көмектесемін; екіншіден, оқушыларды шынайы жақсы көремін; үшіншіден, оқушыларды қолдап, бастаған істеріне көмек қолымды ұсынып, дұрыс жолын көрсетуге тырысамын; төртіншіден, оқушылардан жақсылығымды  аямаймын.

Ұстаз! Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегінде ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзгермес ұғым.  Сондықтанда ұстаз жақсы, шебер сабақ берумен ғана шектелмеуі керек. Өйткені жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаздың қолында. Ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес, үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады.

Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген. Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Әр бала — жеке тұлға. Біріне – бірі ұқсамайды, жаңалықты асыға күтетін талант иесі. Сол талантты бала жүрегіндегі ізгілікті шынайылықпен тани білетін қазіргі заманғы ұстаз қандай болуы керек? деген өзекті сұрақ өз жауабын күтуде.

Ал, ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.

Қорытындылай келе, заманауи ұстаз ол өзіне де оқушыларға да ыңғайлы кеңістік жасайды. Ол үшін білім беру мен тәрбиелеу барысында ата –анамен, әріптестерімен, оқушылармен тығыз қарым қатынаста болу керек. Сонда ғана болашағымыз жаңа да, жарқын болып, жан-жағымызға «жаңа көзқараспен» қараймыз. Елбасы Н.Назарбаев қай кезде болмасын ұстазға үлкен құрметпен қараған. Ол «Ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады» - деп бірегей тұлға-ұстазға деген құрметі ерекше екендігін білдірген болатын. Елбасының осындай сенімін абыроймен атқару әрбір ұстаздың басты міндеті деп ойлаймын. Заман   ағымынан қалып кетпей ұстаздық міндетті лайықты алып жүру үшін кәсіби білімімді үнемі шыңдап отыру қажеттілігін түсіндім. Өйткені алдымызда отырған әрбір оқушы ол келешек отбасы тұтқасы, келешекте білікті маман және жай ғана қазақтың баласы. Өз жолын адаспай табатын функционалды сауатты жан-жақты тұлға қалыптастыру, дамыту, жетілдіру тікелей біздің қолымызда.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Саринова Гаукар Солтановна

Осы тақырыптағы материалдар

Технология

Жасанды интеллект деген не және ол қалай жұмыс істейді: Қазақстанға әсері мен нақты мысалдар

Алматыда бір дәрігер рентгеннен көрінбеген сынықты жасанды интеллект ұсынғаннан кейін тапқан жағдай бар. Ұқсас сценарий қазір көлік, смартфон, чип, компьютер және космос жүйелерінде де қайталанып жатыр. Ең қызығы — бұл…

Bilimger Media 32 оқылым 2 мин
Технология

Жасанды интеллект деген не және ол қалай жұмыс істейді?

Смартфон камерасы бетті танып, көліктегі көмекші жолақты өзі ұстап тұрса, сіз экраннан бірдеңе теріп үлгермейсіз. Сол сәтте жасанды интеллект артқы планда жұмыс істеп жатады. Ол «ойлап таппайды» — деректерден үлгі…

Bilimger Media 39 оқылым 2 мин
Технология

Жасанды интеллект деген не және ол қалай жұмыс істейді: қарапайым түсіндірме

Кеше ғана смартфондағы камера бетіңізді танып, автокөліктің навигациясы кептелісті өзі болжады. Ал сол сәтте бір чип мыңдаған есепті қатар орындап тұрды. Мұның бәрі — жасанды интеллект. Не болып жатыр — контекст…

Bilimger Media 46 оқылым 1 мин
Технология

Жасанды интеллект деген не? Қазақстанға әсері, қолдану жолы және қауіптері

Кеше ғана ұшаққа билет іздеп отырған адамға бір чат-бот бір минутта маршрут құрып берді. Сол сәтте ол тек кеңесші емес, дерек өңдеуші, аудармашы, жоспарлаушы болып шықты. Дәл қазір жасанды интеллект осылай байқалмай…

Bilimger Media 27 оқылым 2 мин