Мазмұнға өту

Достық пен бірлік –бұл толеранттылық

Бейсенкуль 3 мин оқу 577 оқылым

Күні: 17.01.2019

Тәрбие  сағатының мақсаты

* Окушыларды қазақ ұлтына тән имандылыққа, үлкенді сыйлауға, әдептілікке үйрету

* Оқушыларға туған өлке, оның байлығын, онда мекендейтін ұлттарды құрметтей білуге, ұлтжандылыққа,  Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының жоспары

1.Әнұран

2.Мұғалімнің сөзі

3.Толеранттылық  сөзінің мағынасын ашу

4. Мультфильм .

5. Ситуациялық тапсырмалар

6.Достық туралы өлеңдер

7.Ұлы адамдардың Толеранттылыққа байланысты ойлары

8.Қорытынды

Тәрбие  сағатының  барысы

1.Ән ұран орындалады

2. Толеранттылық латын тілінен алынған, қазақша мағынасы – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға,  әдеттерге төзімділік таныту деген  мағынада қолданылады.

Барша адамзаттың ұлтына, нәсіліне, ұстанатын дініне  қарамастан, төзімділік  танытып, түсіністікпен қарап,  оларды  өзіндей  қабылдау  қасиетін бір сөзбен  толеранттылық  дейміз.

Толеранттылық -халықаралық қолданыстағы термин. 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы «Толеранттылық қағидаттары» туралы декларация қабылдады.
Толеранттылық мәні қазақ тілінде тіпті терең: төзімділік, шыдамдылық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деген мағына береді. Адамдар арасындағы өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді.
Қазақстандағы толеранттылық –ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс деп те айтуымызға болады. Имандылық пен татулықты, бірлік пен бейбітшілікті ту еткен кешегі бабаларымыз ұрпағын ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа үндеп отырды.

3. Толеранттылық  сөзінің мағынасын ашу.

Толеранттылық – бұл  төзімділік.

Толеранттылық – бұл ықыластық.

Толеранттылық – бұл даналық.

Толеранттылық – бұл адамгершілік.

Толеранттылық – бұл аяушылық.

Толеранттылық – бұл  қайырымдылық

Толеранттылық – бұл әділеттілік

Толеранттылық – бұл кең пейілділік

Толеранттылық – бұл өзара түсіністік

Толеранттылық – бұл тілектестік.

4. Мультфильм .

5. Ситуациялық тапсырмалар.

1 – жағдаят: Айман төртінші сынып оқушысы. Ол ән салып, би билегенді ұнатады. Уақытының көбін осыған арнағысы келеді. Осыны ойлағанда үй тапсырмасын да тыңғылықты орындағысы келмей қалады. Үй шаруасына көмектесуге де ынталанбайды. Ән салып, би билеуге де бар күшін сала қойған жоқ.

  • Айманның бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыздар? Достары ретінде сіздер қандай кеңес бересіздер?

2 – жағдаят: Айдос, Берік және Самат сыныптас достар. Екеуі бала кезден дос. Айдос сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Берік пен Самат та ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Самат: -Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені апайға ауырып қалды дей салыңдаршы, -деп өтінішін айтты...

  • Егер олар Саматтың адал достары болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыздар?

3 - жағдаят: Мұғалім оқушыларға «Табиғат» тақырыбына жоба дайындауға тапсырма берді. Нұржан: - Болат кітапханаға барып жобамызға әзірленейік. – Жоқ, табиғат туралы мәліметтерді жинақтай салуды ағама тапсырғанмын, - деді Болат. – Ағаң бізге қажет нәрсені білмейді ғой, - деді Нұржан. – Ештеңе етпес, жобамызды тапсырсақ болды емес пе? Нұржанның әрекеті...

  • Сіздердің ойларыңызщы қалай еткенде, дұрыс әрекет болады?

6.Достық туралы  өлеңдер:

Рауан

Достықтың болған емес шекарасы,

Елімнің мен де туған бел баласы.

Отанға миллиардты берді тағы

Қазақтың қасиетті кең даласы.

Құндыз

Ынтымақ –достық береке –

Бағымыз біздің жайнаған.

Ынтымақ-бақыт, мереке

Шаттыққа толы  айналам.

Мирас

Ынтымақ тасқынымен тастым да мен,

Кең жайдым құшағымды достыма мен.

Біргеміз өмір-бақи, отандастар,

Жалғасар өміріміз достықпенен

7. Қазақстан дамуының 3-кілті  бар – деген  Н.Ә.Назарбаев

Біріншісі - 135 этносты біріктіруші – бүкіл  қазақстандықтардың  ынтымақтастығы.

Екіншіші -Толеранттылық болса.

Үшіншісі- тарихи тағдырлардың қауымдастығы деп атап көрсетті.

8.Қортынды
Адамдар әрқашан көмек беруге әзір тұру керек. Дұрыс, ізгі ой – ниеттен туындаған барлық іс дұрыс болып, басқаларға және өзіңе қуаныш әкеледі. Жасаған ісіңді, көмегіңді ақысыз, қайтарымсыз жасау дұрыс әрекет болады. Көмекті оймен, сөзбен, іспен жасауға болады. Өзгелерге жақсылық жасау арқылы біз ең алдымен өзімізге көмектескеніміз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Бейсенкуль

Автордың басқа материалдары

Тәрбие сағаты

1 Қазан - Халықаралық қарттар күні (Отбасылық құндылықтар)

1 Қазан - Халықаралық қарттар күні (Отбасылық құндылықтар) Тәрбие сағат: 1 Қазан - Халықаралық қарттар күні (Қарттарым – асыл қазынам) Күні: 01.10.2018 Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге,…

Бейсенкуль 1 310 оқылым 4 мин
Сабақ жоспарлары

Интернет желісіндегі қауіпсіздік.

Тақырыбы: Интернет желісіндегі қауіпсіздік. Күні: 17.02.2019 Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру: Сабақ…

Бейсенкуль 607 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

Әскери өмір, әскери училищелер жайында әнгімелер

Тақырыбы: Тақырыбы: Әскери өмір, әскери училищелер жайында әнгімелер Күні: 25.11.2018 Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаттары. Әскери– патриоттық тәрбие – мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және…

Бейсенкуль 408 оқылым 7 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Сабақ жоспарлары

Білдектің түрлері

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі (білім беру ұйымының атауы) БЕКІТЕМІН: __________ Оңдасынова.Д. Оқу сабағының жоспары Сабақтың тақырыбы: Білдектердің түрлері Модуль /пән атауы: Токарлық өңдеу…

Мадина 38 оқылым 7 мин
Сабақ жоспарлары

План урока "Модуль числа"

Раздел ФИО педагога Абдраханова Роза Керимхановна Дата 09.10.2023 год Класс :6 «Ж» Количество присутствующих: 23 отсутствующих:1 Тема урока Модуль числа Цели обучения, которые достигаются на данном уроке (ссылка на…

Абдраханова Роза Керимхановна 25 оқылым 6 мин
Сабақ жоспарлары

Сказки о художниках

Узденова Гульмира Салыховна Раздел V. ЖИЗНЬ И ТВОРЧЕСТВО ФИО педагога Узденова Гульмира Салыховна Дата 05.02.24 Класс 5 Количество присутствующих: Количество отсутствующих: Тема урока УРОК § 60 Сказки о художниках Цели…

Гульмира Узденова 27 оқылым 3 мин
Сабақ жоспарлары

Кимінің жекелеген түрлерін бейнелеу

ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № 66 Киімнің жекелеген түрлерін бейнелеу (сабақтың тақырыбы) Модуль /пән атауы: КМ 02 Киім эскиздерін техникалық сурет түрінде орындау Педагог: Бекетова Манат Маратқызы дайындады Күні: 17.11.2023ж…

Манат Бекетова 45 оқылым 6 мин