Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Дос-көңілдің күмбезі

Кенжебек Нұрдана
1 мин оқу 160 оқылым

Дос деген- киелі түсінік.Сіздің жан досыңыз бар ма?Көңілі бір,ортақ адамдар ғана бір-бірімен дос бола алады дегенге сенесіз бе?Дос дегенде көз алдыңызға,ойыңызға не келеді?Досыңызбен көп ұрысып қаласыз ба?

Достар деген бір-біріне ұқсайтын,бір-бірінің кемшіліктерін толықтырып тұратын,ойы мен санасы бір ,көзқарасы мен пікірі ортақ жандарды айтады.Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі достық.Достық адамдардың,ең алдымен,бір-біріне сенуінен басталады.Ол артқан сайын,достық та нығая түседі.Ал бір-біріне сенімі жоқ,дегенмен өздерін дос санайтындар да бар,ол жалған достық -бірде бар,бірде жоқ.Қандай да бір қиындыққа тап болсаң,оны досыңмен бөлісіп,ақылын тыңдап,шешімін таба аласың.Соның арқасында екеуінің де кемшілігі көрінбей қалады.”Дос-көңілдің күмбезі”деп айтылатыны осыдан.

Сенім мен жарқын көңіл достықты  берік ететін тірек саналады.Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.Халық жадында “Алтын берген-дос емес,ақыл берген-дос” деген мақал бар.Дос әсіресе қиыншылықта қатты сыналады.”Жаман дос жауыңмен бірге шабады”дейді ғой.Жаман досты ой иегімнен өткізетін болсам-ол көлеңке секілді.Күн барда жанымнан кетпейді,бұлт кернесе жанымнан бір сәтте жоқ болады.Кейбір адамдар сенің мал-дүниеңе ғана дос болады.Бірақ дәл осындай достар ұзаққа бармайтыны мәлім.Ал шынайы дос кез келген сәтте жаныңа тіреу болады,сыналар кезде сыналады,шыңдалар кезде шыңдалады.

Адам адал достықты іздей бермей,өзі де дос бола білуі керек.Жолдасын тастаған жолда қалады.Дос осы өмірдегі ешнәрсемен өлшенбейтін құндылық.Ата-бабамыз үш құндылықтан қателеспеңдер деген.Олар:біріншісі-мамандық таңдаудан,екіншісі-жардан,үшіншісі-ортадан,жора-жолдастан. Осы үш құндылықтан қателеспеген адам өмірдегі ең бақытты адам.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:08

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Кенжебек Нұрдана

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 115 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 904 оқылым