Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Дархан халықтың – дана Абайы" тақырыбындағы эссе

Сулейменова Акшолпан Жиенеевна
3 мин оқу 121 оқылым

Әл-Фараби атындағы

№21мамандандырылған

гимназиясының қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сулейменова Акшолпан Жиенеевна

Дархан халықтың – дана Абайы

https://bilimger.kz/111496/

Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан

азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе

жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады.

Абай

Тапқан едің  қара  сөзден жарасым,

Емдегің кеп ен даланың жарасын.

Түзерлік жол сілтегенсің бағдар боп,

Көп ішінен суырылған дарасың...- дей келе, даналықтың дәнін даламызға сеуіп, бәйтеректей саясымен көпке қорған болған Абай атамыздың қара сөздеріндегі сарабдал ой, салиқалы сөздерінен ой қозғамақпыз. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боларсың елден бөлек»,-деп, «толық адам» қалыптастырудың жолын нұсқаған хакім Абай қараңғылықтың қамытын киіп, мал соңында құрығын ұстап, бейқам жүрген қазақтың қарекетсіз жүргеніне күйінді. Ел ішінде дендеп кеткен жағымсыз қылық, оспадар әрекет, білім-ғылымнан іргені аулақ салғандық – бәрі-бәрі ақын жүрегіне шаншудай қадалды. Жаманшылыққа елігіп, құр мақтанға салынып, желік қуған жандарды тура жолға салу үшін ақ қағаз бен қара сияны өзіне ермек етті. Тоғызыншы сөзінде: «Осы мен өзім – қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді...Егер жек көрсем, сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді...» дейді. Осы сөзін әрі қарай қоздатсақ, өзінің тек құр сүлдері жүргенін анық бағамдаймыз. Сырты сау болып, іштей ызаға булыққан  «қуыс кеуделі» жанның артқыға қарайлар қызығы қалмағанына көз жеткіземіз. Алдыңғы күннен үміті де жоқ емес.  Жемістің ағаштан алыс түспейтіндігі баршаға аян. Бұл ретте ақынның  тамырдан ажырап, өз биігінде ғана өмір сүргенін көрмейміз. Қандай болмасын өз халқының жанашыр тілеулесі болғанын, өзіне жалғыздық дәмін татырған еліне деген риясыз сенімі ешқашан өшпейтінін аңғарамыз.

«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп» ,-деп, ой түйген дана халқымыздың тәмсілі Абай Құнанбаевтың басты ұстанымдарының бірі болды.  Білімсіз биікке шығудың жолы жоқ екенін, дүниенің кілті ғылымда екенін үздіксіз ел құлағына сіңірді.  Сегізінші сөзінде : «Білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ: «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!..»,- дейді.  Би-болыс, бай, ұры-залым, қоңыршалар керек етпеген ақыл, насихат кімге керек ? Яғни, халық білімді керек деп ұғынбады. Дана Абайды алаңдатқан ең бірінші қайғы  надандықпен күресу болатын-ды. Оның  бұл ретте шәкірт тәрбиелегені,артқыға темірқазық болар әдеби мұралар қалдырғаны, өзін өзгеге үлгі ете алғандығы  тарихта өшпес даңғыл жол болып қаланды. Кезінде сөзін елең қылмаған жұрты бүгінде әр сөзінің астарынан мән ұғып, даралықтың да, даналықтың да биік шыңына шығарды.

Адам баласының «жүрегіне» ақын ерекше назар аударды. Он жетінші сөзінде де жүректі таза ұстаңдар деген байлам айтқан еді. Жүректе жігер, қайрат, байлаулылық болса, ақылдың сөзіне иесі құлақ асарын да он төртінші сөзінде келтірді. Жоғарыда айтылған білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ұстамай кететіндерді сынға алады. Теріс мінез, мақтанға салынуды құп көрмей, одан барша көпшілік бойын аулақ ұстау қажеттігін тілге тиек етеді. Абай ақын ақылды, ғылымды сақтайтын мінез деген сауыттың бұзылмағанын қалады. Мінездің беріктігін бұзбас үшін әр адам жеңілдік, көрсеқызарлық, орынсыз сөз дегендерден алыс жүріп, адамдық істің жақсысымен танылуы керек. Қадым замандардан қоғамның дерті болған адам бойындағы жұғымсыз қасиеттер әлі де болса сақталып келеді, алайда білім-ғылымның салтанат құрған шағында аздап көлеңкеде қалған жаман қылықтар ішінара бой көрсетіп қоятыны жасырын емес.  Атаның баласы емес, адамның баласы бола білген кез келген жан өз бойындағы теріс мінезден арыла алады деген ойдамыз. Ол үшін даналар салған соқпақпен жүріп, өз-өзін үздіксіз жетілдіріп, жақсы-жаманның парқын ажырата білу керек.

Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,

Екпіндеп ұшып қыран да шығады.

Жікшіл ел жетпей мақтайды,

Желөкпелер шын деп ойлайды,-деп, дана Абайымыз айтпақшы, адал еңбегімізбен, тоқыған білімімізбен, еш мақтанға салынбай мәнді де, мағыналы ғұмыр сүрейік демекпіз.  «Толық адамның» қатарынан орын алып, еліміздің асқақ абыройы мен беделінің артуына сүбелі үлесімізді қосып, дана Абайдың дара жолымен жүрейік!

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:09

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сулейменова Акшолпан Жиенеевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 115 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 911 оқылым