Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Дала қоңырауы

Бахытгуль
1 мин оқу 261 оқылым

Тепышева Бахытгуль Солтановна

Алғашқы ұстаз! Иә, "Алғашқы ұстаз" дегенде, ең бірінші қолға қалам ұстатқан ұстаз, алғаш  табалдырығын аттаған мектеп еске түсетіні сөзсіз... Ұстаз-ұлы қасиетті ұғым, мектеп-алтын орда! Қандай керемет десеңізші! Осындай керемет қасиетті ұғымға алғаш ие болған, алтын орданы  алғаш аша алған ұстаз - Ыбырай Алтынсарин. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: "Ұстаздық-ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді,"- дегендей, Ыбырай Алтынсарин мектебінен соң, сауатсыздықтың пердесі түріле, елдің оқуға бет бұра бастағаны, "Бес арысымыз" бен "Үш бәйтерегіміздің"  сауаттылық үшін,  елі үшін атсалысқаны, сол замандағы надандықтың  құрбаны болғандары  белгілі.                                                                                           "Білімдінің күні-жарық, білімсіздің күні-ғаріп" дегендей, білім қай заманда да адамды тура жолмен жүруге жетелейді. Осындай тура жолды көрсетіп кеткен,  оқу мен тәрбиені қатар алып жүрген Ыбырай өнегесі-кейінгіге  үлгі. Қай шығармасын алсақ та еңбексүйгіштікке, білімге, талапты болуға, жамандықтан аулақ, жақсылыққа үйір болуға шақырады. "Қыпшақ Сейітқұл", "Дүние қалай етсең табылады?", "Жамандыққа жақсылық",т.б. Оқып отырсаңыз, шығармаларындағы негізгі идеясы-ұрпақты білімді болуға үндей отырып, білімдінің әдепті, басы дәнге толы бидай сияқты иіліп тұратыны, ақыл-ойы толысып, саналы болатындығын айтады.                              Адам адам болып жаратылған соң, бұлақтың шыныдай жылтылдаған суындай көңілі таза, жан-жағына жақсылық, мейірім, шуағын ғана шашып тұруы керек деген идея "Таза бұлақ"шығармасында көрінеді. Сонымен бірге, жақсыны үйренгеннің артық еместігі "Білгеннің пайдасы", әңгімесінен, терең білімнің зеректікке, терең ойлануға әкелетіні,бұлар арқылы үлкен істер атқарылатыны "Силинші деген ханым", "Зеректік" шығармаларынан, барға қанағат қылуға"Сақып"әңгімесінде, талаптанғанның  пайдасы "Талаптың пайдасы"еңбектерінде айтылады және ұрпақты  талапты болуға, зеректікке,еңбектенуге шақырады.

Қазіргі заман-білімдінің заманы.Өткен ғасырларда білімнің шырағын  жағып кеткен ата-бабаларымыздың жолын жалғастыру, сол шырақты жарқырата алып жүру-қазіргі ұрпақтың міндеті.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:09

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Бахытгуль

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 115 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 911 оқылым