«Cәнді көктем- Наурыз»

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім беру бөлімінің «Балдәурен» бөбекжайы
МКҚК — тәрбиешісі
Дарвинова Дана Аралбекқызы

 

Мақсаты: Наурыз туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!» наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. «Нұрбөбек» тобының «Сәнді көктем –Наурыз!» атты мерекесін тамашалаңыздар.Құттықтау сөз кезегін бөбекжай меңгерушісі
Манзия Мұқасқызына береміз.
Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-де күн мен түннің теңеліп, жер жаңарып, көк шығып, төрт түлік мал түлеп, көктем келіп, тіршіліктің бастауы, яғни қазақтың жаңа жылы – Наурыз мерекесі.
«Күн мен түн» кіреді.
Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән: «Наурыз келді»
Жүргізуші: Енді біздің кішкентай балаларымыздың мерекеге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар.
Аянат: Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған,
Жаңа жылым бармысың .
Еркеназ: Осыншама жақсылық ,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің.
Айлана: Көлдің мұзын күн тесті,
Әппақ тонынын жер шешті
Жан-жақтан күн күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Әнсая: Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
Бахтияр: Арпа бидай бастаған,
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден,
Бұл тойдағы бас маман.
Айзере: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татыңыз.
Әжеміз өзінің наурыз көжесімен таныстырады.
Алдар Көсе: Мен Алдармын, Алдармын,
Балалармен ойнаймын.
Ренжітер сәбилерді ,
Тентектерден қорғаймын.
Құтты болсын Наурызым!
Қарным тойған күлкіге,
Базарлығым тағы бар,
А-а-а-а-а-а-а-а-а-а .
Жүргізуші: Қош келдің, Алдар Көсе балаларымыздың өнерін бірге тамашала.
Алдар Көсе: Ия дұрыс айтасыз, балалардың өнерін тамашалап, күштерін сынауға келдім. Балалар мен сендермен күш сынасқым келіп тұр. Қане күштеріңді байқайық. (ортаға балалармен күш сынасуға шығып, қол күрестіреді)
Ойын: «Кім күшті?» қолмен күш сынасу.
Алдар Көсе: Байқаймын баллалар, шетінен мықты екен, мені жеңіп қойдыңдар.
Жүргізуші: Олай болса қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би: «Қамажай»
Тазша бала: Уа, Алдар Көсе, сені іздеп жүрсем сен балалармен жүр екенсің.
Ей балалар, балалар,
Енді маған қараңдар!
Наурыз тойын тойлайық
Қызық ойын ойнайық.
Ойын: «Арқан тартыс » ойыны
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, сендермен ойын ойнап көңіліміз көтеріліп қалды.Кеттік Алдар көсе тағыда Наурыз тойын тойлап жатырған балаларға барып, оларды да бір қуантып қайтайық.Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Бүгінгі тойға алыстан ат терлетіп, аса қадірлі қонағымыз Қыдыр ата келді. Қыдыр ата жоғары шығып, төрлетіңіз, балалардың өнерін тамшалаңыз.
Қыдыр ата: Амансыңдар ма, балаларым! Наурыз мерекесі құтты болсын! Әр отбасына құт-береке әкелсін!
Жүргізуші: « Наурыз!» атты әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән: « Наурыз!»
Көрініс:
1 — жүргізуші: Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда,
Керемет рәсім жасайық.
Бала: Сүйінші, сүйінші, дүниеге сәби келді!
Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой! Сүйінші сұрау шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған, мінекей сүйіншіңді ала ғой.
Ой қандай керемет, дүниеге немерем келді д!. Немереме қандай ат қойсақ болады екен?!
Әжесі:
— Қыдыр ата , ауылымыздың сыйлы ақсақалдарының бірісіз. Мына немереме ат қоюды сізден өтінемін. Азан шақырып немеремнің атын қойып беріңізші.
(Баланы жастықпен қарияға береді).
Қыдыр ата : Абай атамыздай кемеңгер ақын, халқының аяулы азаматының бірі болсын деп, балаға «Абай» деген есім (ат) бергім келіп отыр. (Барлығы қарияның таңдаған есімін қоштайды)
Баланы алып құлағына 3 рет «Сенің атың, Абай» — деп, азан шақырады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгінгі Наурыз тойының батасын Қыдыр атамызға жолдаймыз.
Қыдыр ата: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
(бата беріліп,шашу шашылып, дәм татуға шақырамыз)

Қорытынды: Наурыз құтты болсын,бүгінгі ертеңгіліміз аяқталды.Қош сау болыңыздар!

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *