Қош келдің,Жаңа жыл!

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

 

Жүргізуші:                                                                                                                                               Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа  бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,

Бақыт,шаттық,молшылық әкелсін

Бәрімізге тышқан жылы арайлы!

Құрметті қонақтар біздің «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ән: «Аяз ата»

Жүргізуші: Ал, балалар   Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!

Аяз ата : Сәлематсіңдерма, балалар!

Күн тізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жана жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде.

Кездессем деп сендермен

Таратсам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Жүргізуші: Ал, балалар Аяз атаға дайындаған тақпағымызды айтып берейік.

 

 

 

Айару: Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса .

 

Аян:  Аяз ата келіп тұр

Бизге сәлем беріп тұр

Сақалының ұзыны- ай

Кесіп алса шіркін-ай!

 

Алиша: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне біздің шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

 

 

Аделя: Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Тақпақ айтқан балаға

Сыйлықтарын беріп тұр.

 

Ән:  «Шырша жыры»

Аяз ата: Бәрекелді, мынандай өнерлі балаларға тәттілер берейік. Ал Ақшақар балалармен қоштасайық.

Жүргізуші: Ал балалар қонақтарға би билеп берейік

Би: «Jingle bells» Түлкі, Бақа, кенгуру, тышқан балармен бірге би билейді.

Жүргізуші: Осымен біздің, «Қош келдің жана жыл» атты ертенгілігіміз аяқталды. Жана жыл сіздерге қуаныш пен бақыт әкелсін! Сау болыныздар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *