«Bravle stars» ойынының тиімді тұстары бар ма?

 

Әділбай Аружан

9 «А» сынып оқушысы

«JOO High School Alatau» мектебі

 «Телефоныңды таста», «сабағыңды оқы», «не деген бітпейтін ойын», «не керегі бар осы ойынның» деген ата-ананың ренішті сөзін жиі естисіз бе? Иә, әрине. Мұндай сөздерді бүгінгі жасөспірім жиі еститіні сөзсіз. Себебі ғаламтор ойындары  — бүгінгі өсіп жатқан жеткіншектің дамуына кері әсерін тигізетін вирус. Бұл бүкіл қоғам түсінігі. Алайда, ғаламтор ойындарының адамның өсу, даму, қалыптасуына тигізетін жақсы жақтарын да қарастырып, саралап көрсек. Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында кең танылған  «Bravle stars» ойынының тиімді  жақтарына тоқтала кетсем…

      «Bravle stars» — бүкіл әлем бойынша миллиондаған ойыншылардың жүрегін жаулап алған қызықты мультиплеерлік мобильді ойын. Бұл нақты уақыттағы жекпе-жек ойыны, онда үш кейіпкерден тұратын екі команда кедергілер мен әртүрлі тапқыр элементтерге толы ортада күреседі. Сіздің мақсатыңыз басқа командаға төтеп беру болады. Ойынның негізгі идеясы — Bravle командасын құру және әртүрлі ареналарда 3 минуттық жекпе-жекке қатысу. Әрбір бравлердің ерекше дағдылары мен қарулары бар, олар әртүрлі тактика мен стратегияларды жасайды. Жылдам шабуылдаушылардан күшті қорғаушыларға дейін ойыншылар теңдестірілген құрамды қалыптастыру үшін таңдауларын жасайды. Осы тұрғыда өзіне мықты команда құрып, ойында жеңіске жетуде жеткіншек өз бойына біріншіден, жеке емес, топта басқа адамдармен қарым-қатынас жасауды, басқа адамның пікірін тыңдауды, қандай да бір істе жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін стратегиялық жоспар құруды, тапқырлықты үйренеді. Жолдастармен бірлескен күш-жігер жеңістерге әкелетінін, ортақ мақсат үшін бірігетін қауымдастық құру сәттіліктің кілті екенін түсінеді.

      Соңғы жүйесі және ойын режимдерінің әртүрлілігі ойынға тереңдік береді. Ойыншылар бравлерлерді жақсарта алады. Бравл жұлдыздарының әлемінде өздерінің күшімен, ерекше шеберлігімен және харизмасымен ерекшеленетін кейіпкерлер бар, олар осы виртуалды ареналарда жеңіске жету үшін биікте тұрған балуандар. Ойындағы әрбір балуан өзінің тарихы мен қабілеттері бар ерекше сипатты білдіреді. Мысалы, Кроу өзінің ұлы шабуылдарымен айналасындағы кеңістікті басқара алады, ал күшті қылышпен Edqe жақын шайқаста қайтымсыз болады. Бұл жерде бала кейіпкерлерге еліктеу арқылы өзінің бойындағы ерекшеліктерін танып, аша бастайды. Өзі команда құрып, басқару арқылы көшбасшылық қабілетін шыңдайды.

      Осы мақаламды оқи отырып, «еліктейтін кейіпкерлерді тапқан екенсің» деген теріс пікір айтуларыңыз да мүмкін. Алайда, қазіргі ғаламтор желісі қарқында дамыған, ертегі айтатын әжесі жоқ, баламен ата-анасы айналысатын уақыты жоқ заманда кешегі Алпамыс, Бөгенбай батырлар туралы жыр-дастандарды ғаламторда отырғандай таңнан кешке дейін оқытып отырғызу мүмкін емес. Сол себепті жасөспірімге шектеу жасай бергеннен қазіргі қоғам көзімен қарап, әрбір ойнаған виртуалды ойынының жаман жағын емес, тиімді тұстарын анықтап, зерделеп,  сол ойындағы кейіпкерлердің жағымды-жағымсыз жақтары туралы балаға түсіндіріп, бағыт-бағдар берген дұрыс деп ойлаймын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *