Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №6 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №6 мақала қабылдануда·2 орын қалды 2 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 721 оқылым

Самбетова Назима Жумадиловна

«Болашақ балабақшадан басталады»

 Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай  тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де тәрбиелі, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - дейді Әл-Фараби. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, ата-баба салт-дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән берген. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп қыз тәрбиесін анасына, ұлды әкесіне табыстаған. Ру таңбасын көрсетіп, «Жеті атасын білген жетелі» деп жеті атасын жаттатқызған. Халықтың аңыздары мен жырларын тыңдатып, халықтың ұлы болуға баулыған ұлдарын. Қызарына отбасының ұйытқысы болуды ғана емес, ұлт тәрбиесін жалғастыруды, сақтауды үйреткен. Осы ұлы тәрбиенің нәтижесін ұрпақтар жалғастығынан көруге болады. «Бұтағымен ағаш сымбатты, ұрпағымен адам қымбатты» деген қазақ даналығында нақыл сөз бар. Осы қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз ұрпақ жалғастығын, үбірлі-шүбірлі болуды өмірдің мақсаты, мұраты санаған.

Кеңестік кезең бала тәрбиесін басқа арнаға бұрды. Мектепке дейінгі жастағы балаларға ұжымдық тәрбие беруді қалыптастырған балабақшаның бүгінде маңызы зор. Ата-аналардың жақсы тұрмысқа ұмтылуы, олардың жұмыс бастылығына алып келді. Қазіргі таңда бала тәрбиесін сеніп тапсыруға болатын, қауіпсіз, баланың жан-жақты болуын қамтамасыз ететін балабақшалардың көптеп ашыла бастағаны көңіл қуантады. Ұжымдық тәрбиенің қоғамға пайдасын сезе білген мемлекет еліміздегі балабақшаларды көбейте бастады. Жас ұрпақтың қабілеті мен бейімін анықтау, жетілдіру мен қалыптастыру балабақшадан бастау алады. Осы орайда бала тәрбиелеуде тәрбиешілердің еңбегі зор. Сапалы білім мен өнегелі тәрбиені әрбір бүлдіршіннің бойына сіңіру-мекеме қызметкерлерінің басты мақсаты. Келешек қоғам иелерін ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу - біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Болашақ балабақшадан басталады. Асыл қазынаға жол бастап зерделі ұрпақ тәрбиелеуде, ата-ана мен педагогтардың аянбай еңбектенгені абзал. Бала тәрбиесі жауапты іс. Біздің әрқайсысымыздың басты міндетіміз – бүлдіршіндеріміздің бақытты балалық шағы, лайықты білім алуы және Отанымыздың толыққанды азаматына айналуы. Тек қана, білімді және тәрбиелі ұрпақ Қазақстан халқының мақтанышы болмақ.

Авторы
Самбетова Назима Жумадиловна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Баяндамада отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара қолдауы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасының өмірдегі орны сөз болады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 45 оқылым
Баяндамалар

Дос

Баяндамада достың жанашырлығы мен адам өміріндегі орны айтылады. Мәтін достықты бағалап, айналаға жақсылық жасауға шақырады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 14 мин 61 оқылым
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

Баяндамада ауыл шаруашылығы, мәдениет пен дәстүрлер, отбасы және тұрғындардың өзара көмегі сөз болады.

11"Б" сынып оқушылары 1 мин 42 оқылым