Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бірлігі бүтін елдің түтіні түзу шығар

Автор

Тұрғанбек Гүлсәулет
2 мин оқу 76 оқылым

Тұрғанбек Гүлсәулет
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы
№19 колледждің 2 курс студенті

Жетекші: Адырбекова Улпан Шекербековна
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі


«Өркенім өссін десең ,Кекшіл болма- Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең , Өршіл болма - Өскеніңді өшірерсің»

Қазыбек би

Халқымыз «Бірлік бар жерде – тірлік бар» - деп бекер айтпаған. Бірлігі бүтін елдің қашанда түтіні түзу шығады. Татулық пен бірлікті қазақ әуел бастан қаймана қазақ үшін әділдік пен парасатты жақтап, таза ниетпен, адал істермен жеңіп отырған. Бірлік – ынтымағы мен берекесін тең ұстаған Қазақ елі үшін сан ғасырдан бері мирас болып келе жатқан дана халқымыздың асыл қазынасы.

Халқымызда « Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ» - деп бекер айтылмаса керек. Өйткені, татулық пен бірліксіз, ынтымақсыз ештеңе өнбесі анық. «Бақ, қайда барасың? – Ынтымаққа барамын» -деген қасиетті сөздің астында терең ойлар жатыр. Ынтымағы артқан ел – қасиетті мекен.

Сонау жылдарды артқа тастап ғасырлар қойнауынан шыңдалып, қанша қиындық көрсе де, ата- бабаларымыздың ұлы мұраларымен сусындап, сұрыпталып келген қазақ жерінің қасиеті қашанда биік. Тәуелсіздік – тек шекарамен шектелетін ұғым емес, ол елдің татулығы, ынтымағы және ортақ мүддеге ұмтылысы арқылы бекемделеді. Егер халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бір мақсатқа жұмылса, ол елдің түтіні түзу шығып, болашағы жарқын болмақ.

Ел тәуелсіздігіне көз жүгіртсек, бірлік пен татулықтың ел тағдырында шешуші рөл атқарғанын көреміз. Қазақ хандығының шаңырағын көтерген Керей мен Жәнібек хандар елді бір тудың астына біріктіргенде ғана қуатты мемлекет құра алды. Ал керісінше, алауыздық пен ішкі тартыс Қазақ хандығын әлсіретіп, сыртқы жауларға жем болды. Міне, тарих қойнауында қаншама аласапыран кезең болса да, Қазақ елінің салт- дәстүрі мен мәдениеті қашан да жоғары еді.

Бүгінде еліміздің дамуы үшін әр азаматтың ынтымағы мен еңбегі маңызды. Қазіргі заманда білім мен технология дамыған тұста да, елдің өркендеуі үшін халықтың бірлігі қажет. «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ, Қараймын келбетіңе мен таңырқап»-деп дауылпаз ақын Қасым Аманжолов атамыз айтқандай болашақтың баянды болуы, ұрпағымыздың аман-есен өмір кешуі – бейбітшілік пен татулықта.

Мен - бірлігі жарасқан еліммен мақтанамын! Мен – татулық пен ынтымақты, бірлігіміз бен тірлігіміздің нығайып өркендеп өсуіне өз үлесімді қосамын! Өйткені мен – қаншама рет басына бұлт төнсе де қаймықпайтын қазақтың қызымын.

Бірлігіміз жарасқан ,

Арманым менің тау асқан.

Туған жерім кең байтақ,

Көк аспанмен таласқан.

Жарқыраған күн нұры,

Лайланбаған тұнығы.

Мен елімнің ғажайып,

Боламын әлі жұлдызы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Тұрғанбек Гүлсәулет

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Колледж

Жаппай музыкалық тәрбие жүйесіндегі қазақтың аспапты музыкасы

Ғылыми мақалада қазақтың аспаптық музыкасы мен күй өнерінің музыкалық тәрбие жүйесіндегі орны, тәрбиелік және мәдени әлеуеті, оқытудағы заманауи әдістері қарастырылады.

Bilimger Media 58 оқылым 4 мин
Колледж

Бастауыш мектеп оқушыларының музыкалық шығармашылығын дамыту жолдары

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК Педагогика және психология кафедрасы КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің…

Жанибек Акерке 97 оқылым 40 мин
Колледж

Музыка мұғалімінің әдіс-тәсілдік шеберлігі

Ғылыми мақалада музыка мұғалімінің кәсіби-әдістемелік шеберлігі, инновациялық технологияларды қолдану және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері қарастырылады.

Bilimger Media 119 оқылым 4 мин
Колледж

WorldSkills – кәсіби білім сапасын арттыру құралы

"Кентау колледжі" ЖШС Аннотация. Қазіргі заманғы еңбек нарығы жоғары білікті мамандарды талап етеді, осыған байланысты кәсіби білім беру сапасын арттыру өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде кәсіптік білім…

Сарсенова Ляззат Сарыбаевна 73 оқылым 5 мин