Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бір тамшы-мейірім

Құлажанова Қарлыға
2 мин оқу 1 046 оқылым

Құлажанова Қарлыға

Таң атты.Жұмысқа келе жатып, бүгінгі жұмысымды ойлап келем...Байқағыштық, бақылаған жағдайға тез бағдарлау қабілеті, басқа адамның орнына өзін қоя білі, елестету және сол адамның мінезін, тілегін, ойы мен іс-әрекеттерін түсіне білу,елестету және сол адамның мінезін, тілегін, ойы мен іс-әрекеттерін түсіне білу, ке келген жағдайға бейімделу және өзін-өзі бағалай білу қабілеттері- бұл әлеуметтік педагогтың негізгі қасиеттері болып саналатынын білемін. Таза ауада балалардың мектеп алдында ойнап жүрген дауыстары таңғы ауамен анық естіліп келеді.

...Бір тамшы-мейірім, бір тамшы-қамқорлық,бір тамшы махаббатқа қанша бала зәру десеңші?...

Алақанға осының бәрін сыйғызып,қамқорлықпен әр балаға шамам жеткенше жеткізе білуім керек!Біреусін жоғалтып алмай,мәресіне жеткізу керектігін білемін.

...Бірінші қабаттың дәлізісінде Мұратты кездестірдім. Көзі ісіп кеткендей ме?Ренжігені көрініп тұр.Бірден кабинетке лестіріп келіп, ренішімен бөлісуін өтіндім. Отбасында болған келеңсіз оқиғаға деген ренішін, өксігін жасыра алмай булыға баяндады.Қайтсем де бүгін уақыт тауып, Мұраттың ата-анасымен сөйлесіп,ортақ мәмлеге келуге шақыруға міндеттімін.Осыны айтып, баланы сабағына шығарып салдым.Сынып жетекшісіне болған оқиғаны ескертуім қажет.

-Ренжімеші, Мұрат.Саған менен бір тамшы мейірім...

Мына жерде асханадан шыққан оқушыларға қызыға қарап, толық емес отбасынан шыққан Гүлім тұр.

-Түңілме Гүлім.Енді сенде күнде асханадан ыстық тамақ ішесің.Сенің де қарның тоқ,қайғың азаяр.Киімің бүтінделеді.

Саған менен бір тамшы қамқорлық...

...Екінші қабатта көп балалы отбасынан шыққан Ербол тұр.Сабақтан шығарылды ма, әлде өзі шығып кетті ме екен? Әлде екілік алды ма? Қасына барып мән жайды білдім.Қамықпа, шешімін табуға көмектесемін.Мына кітаптарды қарап отыра түр.Мен сенің пән мұғаліміңе жолығып келейін.

Саған менен бір тамшы махаббат...

Түс ауып барады, бірақ балалардың әр түрлі жағдайлары азаяр емес. Ары қарай хаттамалар, анықтамалар, актылар, хабарламалар, түсініктемелер, әлеуметтік паспорттар, файлдар, папкалар тағысын тағы басқалар.Бейне бір қағаздан аққан өзенге түскендейсің.Үлгерсем екен, бүгінгі атқаратын жұмыстарымды үмытып кетпейін!

Аяғым талғанда ғана есіме үйге қайтуым керек екені түсті, үйде балаларым да күтіп отыр.

Түннің бір уағы.Ойым ертеңгі жұмыста.Ертең сөйлесуім керек, баруым керек, айтуым керек...Тың, тың, тың...Бейне бір су тамшысындай ойлар мыйыма ұмытпа, ұмытпа деп тамып жатқандай...

Балалардың өмірлік жолын дұрыс таңдауға, қоғамға бейімделуге және жеке тұлғасының жан-жақты дұыс дамуына қолдау көрсету, тек білім беріп қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге үйретуіміз тиіс.

Осы жұмыстарым, балаларға берген кеңестерім текке зая кетпес!Жоқ...Ешқашан атқарылған жұмысым зая кетпейді.Жемісін балардан көретінім анық!

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:10

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Құлажанова Қарлыға

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 114 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 902 оқылым