Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №6 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №6 мақала қабылдануда·8 орын қалды 8 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 806 оқылым

Жиенбаев Анарбек Нурлыханович

«Адам ұрпағымен мың жасайды», осы ұлағатты сөздің астарында қаншама терең сыр жатқанын шын жүрекпен сезіне аламыз ба? Бүгінгі күннің ұрпағы ертеңгі жарқын болашаққа жол салушылар емес пе? Ал, олардың салған жолдарының жарқын болуына кепілдік бере аламыз ба? Міне, осындай сипаттағы сан алуан сауалдар кімді де болса, ойландырмай қоймас. Осындай сыни тұрғыдағы сауалдар төңірегінде ойлану, оған жауап беруде іске асқан жұмыстардың астарынан дәлел іздеп тапқандаймын. Ұрпағымыз саналы тәртіп пен сапалы білім негіздерімен қаруланған кезде ғана еркін тыныс алармыз. Менің басты мақсатым: мектеп өміріне қайткен күнде бүгінгі күн талабын қанағаттандыратындай бетбұрыс жасауға бағыт беру. Мектептегі әріптестерімнің жаңа бағыттағы дұрыс жасаған іс-әрекеттері менің ойымды алысқа жетелеп, қиял әлеміне енгізіп жібергендей. Әсіресе мектепішілік шаралардың қызықты өтуі, ата-аналардың сенімінің артуы сенімділік пен ынтымақтастықтың бірігуіне жол ашты. Деңгейлік курс бойынша сертификатталған мұғалімдердің өткізген сабақтарының тартымдылығы оқушылардың жауапкершілік дағдыларын  бойларына сіңіруіне, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға оң ықпалын тигізуде. Еліміздің ертеңгі тізгінін қолына алатын , бүгінгі күннің майталмандары алдымызда отырған шәкірттер. Қайтсек те , тек қана алға ұмтылу , болашақ қамын орнықтыру үшін келелі мәселелердің шешімін табу жолында белсенділік таныту , тапқырлық әрекеттер жасау әрқайсысымыздың парызымыз деп білемін. Тамырын тереңге тартқан кең өркениет әлеміне сұғына ену үшін шәкірттеріміз шабытты, білімді, өжет, қайсар мінезді болуы шарт. Ол үшін, алдымен мұғалімдер қауымы Қазақстандық білім беру мазмұнын жаңа сатыға көтеріп,қарқынды қадам жасауы тиіс екеніне көзім жетті. Айналама қарап,мені қоршаған әлемдегі сан алуан өзгерістерге шаттана қуанып,қанатымды кеңге сермеп,шабыттана түскендеймін. Алдымыздағы үлкен асуға – біліктілік  пен ұстаздық шеберлігімізді ұштастыра отырып, шәкірттерімізді ,мынау кең әлемді мойындататын рухани биік шыңға шығару міндеті тұр. Терең ойларға беріліп, сенім жүгінің ауыр екендігін сезіндім.     Бірақ, мен көшбасшымын, қандай  кедергілер болмасын көзін тауып,  шешімін табуға  дайын болуым керек... Ол менің көшбасшылық ұстанымым.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:10

Авторы
Жиенбаев Анарбек Нурлыханович

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 117 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 999 оқылым