«Bilim kids» еліне саяхат

Мектепалды даярлық  тобы

Тақырыбы: «Bilim kids» еліне саяхат

 

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ
Балалардың логикалық ойлау қабілетін,танымын дамыту ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, жинақы болуға , балалардың тілін дамыту, көркем әдебиет,сауат ашу оқу қызметерінен өткен тақырыптардан сұрақтар беру арқылы білімдерін тиянақтау ой-өрісін, сана-сезімдерін қалыптастыру.

СӨЗДІК ЖҰМЫС
Дыбыс, әріп таңбасы, дауысты, дауыссыз дыбыстар сөздерін пайдалану.

 

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Шаттық шеңбері, түсіндіру, көрсету, дидактикалық ойындар, сұрақ-жауап, әңгімелесу, дыбыстық талдау.

 

ҚҰРАЛ-ЖЫБДЫҚТАР
1.  Көрнекілік материалдар.

Ноутбук , пазл 1-10 сандар,   карточкалар,   кеспе әріптер, текшелер, әріп таңбалары, көк, қызыл түсті үйлер.

 

2.  Үлестірмелі материалдар.
«Көңілді балабақша» жаттығу кітабы. Жазу парақтары, маркерлер , қарындаштар.

 

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ
1.  КІРІСПЕ БӨЛІМ

Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, достарым!

 

Педагог:

—   Балалар, біз бір-бірімізге жылулық сыйладық, көңілімізді қуанттық.

«Ой қозғау»:
— Енді  мен сендермен ауызша есептер шығарғым келіп тұр?!
1. – Бір мысықтың неше құлағы бар?
2. – Екі мысықтың неше құлағы бар екен?
3. – Бір сиырдың екі мүйізі болса, үш сиырда неше мүйіз болады екен?
4. – Орманда 1-қоян, 2-аю , 3-түлкі жүр екен. Орманда барлығы неше аң жүр екен?
5. – Бір сиырдың төрт аяғы болса екі сиырдың неше аяғы болады?
Балалар, «Білімпаз мырза» бізді «Bilim kids»  еліне саяхатқа шақырды, барғыларыныз келеді ме?
—   Ия!
Балалар,бір дыбыс естіп тұрсыздар ма? Есікті біреу қағып тұрған сияқты? Кім екен?
—   Мен Данамын « Bilim kids» еліне бара жатыр едім, Аланнан адасып  қалдым. Маған көмектесесіздер ме?
—   Көмектесемізба, балалар?
—   Ия!
Дана: жолым болған екен, «Bilim kids»  еліне бірге барайық
Тәрбиеші: Мына математикалық пазлды дұрыс құрастырсаңыздар,  саяхатқа немен баратынымызды көресіздер. 1-10 дейін тұра және  кері санау.
—   Дұрыс құрастырдыңыздар, «Bilim kids» еліне ұшақпен барамыз, ендеше билеттеріңізді алып, ұшаққа отырыңыздар.
—   Жолдан сиқырлы қобдиша тауып алады.
Дана:  Балалар бірге ашып қөрейікші. Ішінде, не бар екен?
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
— Сиқырлы  қобдишаны  жіберген Білімпаз мырза  екен. Сендерге оның хатын оқып берейін.
Хат
Құрметті балалар!Сіздер биыл балабақшамен қоштасасыздар. Сіздер мектепке дайынсыздар ма, білімдеріңізді тексерейін. Ол үшін  мнемокестенің 4 бөлігін  тауып, жасырылған тақпақты айтып берсеңіздер, сіздер мектепке дайын екендеріңізді  дәлелдейсіздер. Сіздерге сәттілік тілеймін!
Білімпаз мырза

Жақсы, олай болса, мнемокестенің   бөліктерін тауып, тапсырмаларды орындайық.

 

1.Тапсырма

Дидактикалық ойын «Сандар үйі»  (1-10 сандар құрамы, тура және кері санау)

Мнемокестенің  1 бөлігін тапты

 

№2 тапсырма

Дәптермен жұмыс

______ беттегі тапсырманы орындау

Мнемокесенің  2 бөлігін тапты

 

Сергіту сәті

Сиқырлы шам   ойыны «Ұяда қандай құс бар?»

Кәзір ұяның ішінде қандай құс отырғаның табамыз.

Құстардың атауын бірінші тапқан бала жеңімпаз болады.

Балалар, кұстар туралы тақпақ кім айтып береді?

Құстар туралы тақпақ айтады

 

3-тапсырма:

Дидактикалық ойын: «Өз үйіңді тап!»

Балалар,

— Дыбыс дегеніміз не? (Дыбысты естиміз, айтамыз.)
— Әріп дегеніміз не? (Әріпті көреміз, жазамыз.)
— Дауысты дыбыс дегеніміз не? (Дауысты дыбыстар еш кедергісіз шығады, созылыңқы айтылады.)
— Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? (Дауыссыз дыбысты айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.)

2 бала тақтаға шығады, қалған балалар әріптерді бастырады

Мнемокестенің  3 бөлігін тапты

 

4 тапсырма

«БАҚА» сөзіне  дыбыстық талдау:

4 әріп, 4 дыбыс, 2 дауысты дыбыс, 2 дауыссыз дыбыс,

2 буын, өйткені 2дауысты дыбыс бар

Мнемокестенің  4 бөлігін тапты

 

5 тапсырма

Мнемокестенің  4 бөлігін біріктіріп   тақпақ айтады

Алты жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата- ананы,

Мектепке кетіп барамыз.

Дана : Балалар  «Білімпаз мырза» хабарласып тұр  сіздер тапсырмаларды  өте жақсы орындадыңдаған  ұшін    сіздерге  сыйлығы бар екен.(Балаларға сыйлыққа кітап береді)  Менде сендерге ризамын!   Сау болыңдар!

Балалар ұшаққа отырып топқа келеді.

Педагог: Балалар  тамаша білімдеріңді  көрсеттіңдер,  әркез осылай бір біріңе  көмектесіп жүріңдер.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Балалар бүгінгі   іс-әрекет сіздерге ұнады ма?

Тапсырмалар қиын болды ма?

«Басбармақ» әдісі арқылы көңіл күйімізді білдіреміз!

Олай болса қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыздар!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *