Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бакежанова Айгерим Кайратовна
2 мин оқу 85 оқылым

       Баяндама

БАКЕЖАНОВА АЙГЕРІМ ҚАЙРАТҚЫЗЫ

          Ортаңғы "БАЛАПАН"тобы

«ТРИЗ» технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері

1946 жылы Г.С Альтшуллер шығармашылық әдісі бойынша жұмысын бастады. ТРИЗ атауы кейінірек 70жылы пайда болады. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі - балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен, балалардың ойлауын танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі.

Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

ТРИЗ құрылу ережесі

Аталған жұмысты кезеңмен жүргізуге болады:

1- кезеңнің міндеттері . Құбылыстар мен заттар арасындағы қайшылықтарды табуға және шешуге, жүйелі ойлауды дамыту, яғни айналасындағы барлық компоненттердің өзара байланысын көре білуге үйрету.

2- кезеңнің міндеттері. Балаларға заттардың жаңа қасиеттері мен сапасын зерттеуге үйрету: жаңа ойыншық, ерекше көйлек, сыйлық және т.б.

3- кезеңнің міндеттері. Ертегі тапсырмаларды шешіп және жаңа ертегілер ойлап шығару.

4- кезеңнің міндеттері. Балаларды әртүрлі қиын жағдайдан шығуға үйрету. Берілген тапсырмалар сіз үшін дайындалған жадынамалардан табылатын ойын барысында, ойын жаттығуларда шешіледі.ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдері

“ Миға шабуыл” әдісі

“ Қателік және сынау” әдісі

“ Эмпатия ” әдісі

“Тірі және өлі нысандарды салыстыру әдісі

“ Қарама-қайшылық” әдісі

“Фантастикалық ұқсастық” әдісі

Тікелей ұқсастық” әдісі

Мақсаты:

  • Қызығушылықты белсендендіру,
  • Білімді жүйелеу,
  • Салыстырмалалық түсінігін қалыптастыру.

( Жаңбыр: неге жақсы , неге жаман?)

  • Ертегі мазмұнын өзгерту

Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны

Мақсаты:Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету. 5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды. - Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр. - Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр. - Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр. - Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр.

«Киімді сипаттау» ойыны

Мақсаты: қиялын, ойлауын дамыту, өзі салған бейне желісін тауып сипаттауға үйрету.

А) Көйлектің түсі жасыл

Ә) Көйлек матадан тігілген

Б) Көйлек киім

В) Көйлекті әже, ана, қыз киеді

Г) Көйлекті қолмен ұстауға болады.

 (Киімді сипаттау)                           (Матрешканы безендіру)

1 сурет                     2  сурет

Нәтижесінде :

ТРИЗ балалардың елестету және ойлау қабілеттерін жетілдіреді.

ТРИЗ балаларға білімді қызықты және тартымды түрде жеткізуге, мықты меңгеруге және жүйелендіруге көмектеседі.

ТРИЗ балалар мен педагогты ойлануға, шығармашылықты көрсетуге ынталандырады.

Қорыта айтқанда заманымыздың болашағы – жас ұрпақтың ой – өрісін жоғарлату, тілдік, шығармашылық, әлеуметтік, таным және денсаулық құзіреттіліктерін арттыру, рухани байлығын, тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының негізгі түсініктерімен таныстыру, проблемалық жағдайдан шығу жолын іздеуде алған білімдерін қолдануға үйрету, әрбір тәрбиешінің міндеті деп ойлаймын.

Авторы
Бакежанова Айгерім Қайратқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Бакежанова Айгерим Кайратовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Баяндамада отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара қолдауы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасының өмірдегі орны сөз болады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 44 оқылым
Баяндамалар

Дос

Баяндамада достың жанашырлығы мен адам өміріндегі орны айтылады. Мәтін достықты бағалап, айналаға жақсылық жасауға шақырады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 14 мин 61 оқылым
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

Баяндамада ауыл шаруашылығы, мәдениет пен дәстүрлер, отбасы және тұрғындардың өзара көмегі сөз болады.

11"Б" сынып оқушылары 1 мин 42 оқылым