Ұлыстың ұлы күнінде Дәулетті бақ берсін Бақытты ас берсін, Ұлың оңға қонсын Қызың қырға қонсын! Малың өріске толсын, Дәулетіңді асырсын Дұшпаның басылсын. Менің берген бұл батам – Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам. Құдайым малды қыл, Тең – құрбының алды қыл! Қас сағынған кісіні Қасқа шұнақ жарлы қыл!