Келінің баянды болсын,
Үлкендерді сыйлайтын аяулы болсын!
Жылы жүзді болсын!
Жұмақ сөзді болсын!
Келінің бақытты болсын,
Ел қыдырса, сыпайы жүрсін.
Күлсе, сыпайы күлсін,
Ашпын деп жалаңдамасын.
Өз байымнан анау тәуір екен деп,
Шаш қайырғанға алаңдамасын.
Алдымен еріне жақсын,
Қолға қонған қырғидай
Атасы мен анасына жақсын.
Әумин.
Келінге бата
- Ақылды енелі бол…
- Еліңе елеулі бол…
- Құдайым осынау үйге дуа берсін…
- Жас келіннің қонған жері…
- Шайың қызыл болсын…
- Жас келіннің батасы…