Кімге ат
Қаламақтар · 1 мин оқу
Кімге ат,
Кімге арба?
Түсініктеме: Ойын алдында балалар екі жетекші сайлайды, содан соң екі-екіден жұптасып, өздеріне жасырын ат қояды. Сол жасырын ат бойынша екі жетекшіден кезек-кезек қалауын сұрайды. Мысалы: «Аспандағы жұлдыз керек пе, судағы құндыз керек пе?» Жетекшінің бірі: «Судағы құндыз!» – дейді. Құндызбала соның жағына шығады. Осылайша қаламақ жалғаса береді де, келесі ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлініп алады.