Бір, біздің үйге кір!
Санамақтар · 1 мин оқу
– Бір,
– Біздің үйге кір!
– Екі,
– Ет турайтын бәкі.
– Үш,
– Сені жықпақ күш.
– Төрт,
– Маңдайыма шерт!
– Бес,
– Майлы құлақ кес!
– Алты,
– Ата-баба салты.
– Жеті,
– Жел-боранның өті.
– Сегіз,
– Болсын серкең семіз.
– Тоғыз,
– Борсық жейді қоңыз.
– Он,
– Атаң киген тон.
– Он бір,
– Қонақ келсе қондыр!
– Он екі,
– Жаман – насыбай, темекі!