Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Автор: Тастанбек Камила / Инфляция динамикасы: Қазіргі экономикадағы өзгерістер мен ықтимал салдарлар

Камила Тастанбек
2 мин оқу 27 оқылым

Инфляция – экономикалық жүйенің тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіш. Ол тауарлар мен қызметтердің бағасының ұзақ мерзімді өсуін білдіреді және әр елдің экономикасына түрлі әсер етеді. Соңғы жылдары инфляция әлемдік деңгейде назар аудартып, қаржы нарықтары мен халықтың әл-ауқатына ықпал ететін маңызды факторға айналды.

Инфляцияның себептері әр кезеңде әртүрлі болды. ХХ ғасырдың ортасында инфляция соғыстар мен ресурстар тапшылығынан туындаса, ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында оны жаһандық экономикалық өзгерістер, мұнай бағасының құбылуы және өндірістік шығындар өсімі қозғады. Соңғы уақытта COVID-19 пандемиясы мен геосаяси дағдарыстар инфляцияның жаңа толқындарын туындатты.  2020-2023 жылдар аралығында инфляцияны күшейткен негізгі факторлар: 1) Жеткізу тізбегіндегі үзілістер: Пандемия кезінде өндіріс пен логистиканың бұзылуы әлем бойынша бағаның өсуіне әкелді. 2) Ақша массасының көбеюі: Экономиканы қолдау үшін мемлекеттердің ақша-несие саясатын жұмсарту инфляцияның жеделдеуіне ықпал етті. 3) Энергия тасымалдаушылар бағасының өсуі: Мұнай, газ және электр энергиясының бағасы экономиканың барлық салаларында шығындарды арттырды.

Бүгінгі таңда инфляция деңгейі елдер арасында әртүрлі, бірақ оның әсері барлық экономика секторында байқалады. АҚШ пен Еуропадағы инфляция деңгейі бірнеше жылдық максимумдарға жетті. Қаржылық реттеушілер пайыздық мөлшерлемелерді көтеру арқылы оны бақылауда ұстауға тырысуда. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда инфляция деңгейі 2024 жылы шамамен 11-12% төңірегінде сақталды. Негізгі өсім азық-түлік өнімдері мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтер секторында байқалады. 2024 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы инфляция баяулап, жылдық көрсеткіш 8,3%-ды құрады (2024 жылғы тамызда – 8,4%), ал айлық инфляция 0,4%-ға тең болды (алдыңғы айда – 0,6%). Ақылы қызметтердің бағасы жыл ішінде 13,6%-ға өсті (2024 жылғы тамызда – 13,6%), азық-түлік емес тауарлар – 7,6%-ға (тамызда – 7,7%), азық-түлік тауарлары – 5,1%-ға (тамызда – 5,5%).

Инфляция – экономиканың дамуының табиғи бөлігі, бірақ оның бақылаусыз өсуі қауіпті салдарға әкелуі мүмкін. Қазіргі уақытта инфляциямен күрес шаралары жаһандық және ұлттық деңгейде қарқынды жүргізілуде. Қазақстан үшін басты міндет – бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын қорғау. Экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін нақты әрі ұзақ мерзімді саясат қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. https://nationalbank.kz/
  2. https://stat.gov.kz/
  3. https://kapital.kz/

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Камила Тастанбек

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Күш көрсетсе, сүйе ме?

Егер көшеде әйел азаматына бейтаныс адам шабуыл жасаса әйел не істейді? Инстинктивті түрде кез келген адам өз үйін қауіпсіз жер деп санайды. Ал егер әйел өз күйеуі тарапынан қорлауға тап болса ше ? Өкінішке қарай,…

Камила Тастанбек 2 мин 23 оқылым
Жалпы рубрика

Күш көрсетсе, сүйе ме?

Мәтінде тұрмыстық зорлық-зомбылық, жәбірленушіні айыптау құбылысы және әйелдердің өз құқықтарын қорғауына кедергі келтіретін қоғамдық көзқарастар сөз болады.

Камила Тастанбек 2 мин 20 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Бизнес

Шағын бизнеске арналған цифрлық маркетинг: клиент тартудың тиімді жолдары

Шағын бизнес үшін ең үлкен мәселенің бірі — шектеулі бюджетпен көбірек клиент тарту. Дәстүрлі жарнамаға көп қаржы жұмсамай-ақ, дұрыс цифрлық маркетинг арқылы тұрақты сатылымға шығуға болады. Ең бастысы — мақсатты…

Bilimger Media 2 мин 38 оқылым
Бизнес

Шағын бизнесті цифрландыру: табысты өсудің 7 практикалық қадамы

Шағын бизнесті цифрландыру — бүгінгі нарықта бәсекеге қабілетті болудың ең жылдам жолдарының бірі. Дүкен, қызмет көрсету, өндіріс немесе онлайн сауда болсын, технологияны дұрыс қолданған кәсіп уақытын үнемдеп,…

Bilimger Media 2 мин 30 оқылым
Бизнес

Шағын бизнесте клиентті ұстап қалу стратегиялары: табысты арттырудың тиімді жолдары

Шағын бизнес үшін жаңа клиент табу маңызды болғанымен, бар клиентті сақтап қалу одан да тиімді. Себебі тұрақты тұтынушы қайта сатып алады, брендке сенеді және айналасына жақсы пікір таратады. Сондықтан клиентті ұстап…

Bilimger Media 2 мин 30 оқылым
Бизнес

Шағын бизнесті цифрландыру: табысты өсіруге арналған тиімді қадамдар

Шағын бизнесті цифрландыру бүгінде тек сәнді үрдіс емес, бәсекеде алға шығудың нақты жолына айналды. Тұтынушының талғамы жылдам өзгеріп жатқан кезде, онлайн құралдарды дұрыс қолданған кәсіпкер уақыт үнемдеп қана…

Bilimger Media 1 мин 33 оқылым