Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Bagdat Ustenov Сеньор лектор
1 мин оқу 29 оқылым

О, бауырым! Жүрегіңде шоқ сеніп,
кеттің жарық дүниеден жоқ болып.
Бірақ сенің атың қалды еліңде,
сенің даңқың өшпек емес емірде,
сен жауыңа атылыпсың оқ болып.
Сені еске алсам қиналамын мен бүгін,
бірақ қайта жұбатады ерлігің.
Сен атаның орындапсың арманын,
туған жерде ескерткіш боп қалғаның,
бізге мақтан сенін, өлмес ерлігің.
Ерте өтсең де жүрегіңде шоқ сөніп,
сен мәңгіге кете алмайсың жоқ болып.
Жыры болып қалдың бүгін ақынның,
серті болып қалдың туар батырдың,
қас жауыңа атылдың да оқ болып.
***
Ұлым менің,
ұзақ өмір сүруің керек сенің,
(мен оныңа тілекші емес пе едім?)
Күндер қанша алдыңда,
жолдар қанша
кешкізетін тірліктің белестерін.
Дүниеге қуана күліп келіп
Кір шалмаған ақ жейде киер едің,
Одан кейін
әрнеден күдіктеніп,
тағдырыңа басыңды иер едің.
Жер жетеді,
шынында үй жетеді
(қу тіршілік не деген бейнет еді) .
Қару беріп қолыңа біреу сені
көздеп көр деп,
атуға үйретеді.
Сапқа тұру
әкелмейді, әрине, саған бақыт,
мал соярсың
қында жатқан қылышты жалаңдатып,
ауыр азап, өмірде ең қауіпті іс
қару ұстау, үйрену адамды атып.

Авторы
Bagdat Ustenov

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bagdat Ustenov

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Өлеңдер

Әйел махаббаты

Өлеңде әйел қорған мен құзар шыңға теңеліп, махаббат, сенім, батылдық және сезімді аялау туралы ой өрбиді.

Bagdat Ustenov 1 мин 40 оқылым
Өлеңдер

Балалық шақпен қоштасу циклынан

Өлеңдерде балалық шақтың қызығы, әкеге деген құрмет, сағыныш пен өмірдің өзгерісі суреттеледі. Әткеншек бейнесі балалық шақтың естелігін жеткізеді.

Bagdat Ustenov 2 мин 22 оқылым
Өлеңдер

Жас отау

Жас отау» өлеңінде қос жүректің махаббаты, шаңырақ көтерген жастардың арманы мен жаңа өмірге деген қуанышы көктем бейнелері арқылы жырланады.

Bagdat Ustenov 1 мин 37 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Өлеңдер

Жамбыл ата жырға салдым өзіңді!

Жақсылық Балнұрдың өлеңінде Жамбыл атаның жыр өнері, халыққа берген жігері мен жастарға қалдырған өнегесі жырланады.

Bilimger Media 1 мин 37 оқылым
Өлеңдер

Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен

Мұқағали Мақатаевтың бұл өлеңінде өмір, өкініш, туған жер мен жыр тақырыптары өріледі. Өлең мәтінін оқыңыз.

Bilimger Media 1 мин 212 оқылым
Өлеңдер

Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан

Мұқағали Мақатаевтың бұл өлеңінде уақыттың тоқтаусыз өтуі, өмірдің жаңаруы және ұрпақ сабақтастығы жырланады.

Bilimger Media 1 мин 215 оқылым
Өлеңдер

Не жетпейді?

Мұқағали Мақатаевтың «Не жетпейді?» өлеңінде ақын жүрек әні, бақыт, достық пен ғұмыр жайлы сыр шертеді.

Bilimger Media 1 мин 67 оқылым