Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ашық сабақ «Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу тақырыбына есептер шығару»

Bilimger Media
4 мин оқу 484 оқылым

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Сафуан Шәймерденов атындағы
қалалық классикалық гимназия
Математика пәні мұғалімі:
Телекеева Ә.С.

«Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу тақырыбына есептер шығару»
6 «ә» сынып

Сабақтың тақырыбы: Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу тақырыбынан алған білімдерін бекіту, тиянақтау, жүйелеу.
Күтілетін нәтиже: Өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, саралап оқыту, сұрақ-жауап, жұппен, жеке жұмыс әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, деңгейлік тапсырма
Сабақ әдісі: Сұрақ- жауап, есептер шығару, ізденіс.
Сабақ типі: Білімді бекіту.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, балаларды түгендеу

«Біле бер қанша білсең-тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле, біле.»
(Ж.Баласағұн)

II. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Бүгін біз сендермен рационал сандарды қосу тақырыбын жалғастырамыз.
Алдарыңа осы сабақта қандай мақсат қоясыңдар? Бүгінгі сабақта біз сендермен таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу тақырыбынан алған білімімізді бекітіп, әртүрлі есептер шығарғанда қолдана білетінімізді көрсету керек.

1. «Қайталау – оқу анасы»
Интерактивті тақтада сандар қатары берілген:

1. Сандарды топтарға бөл. (Эйлер-Венн диаграммасы)
2. Қарама-қарсы сандарды ата.
3. Қай санның модулі үлкен?
4. Екі теріс санның қосындысы қалай табылады?
5. Екі теріс санның қосындысы қандай сан болады?
6. Екі теріс санды қосқандағы қосындының мәні үлкен бе, әлде қосылғыштардың біреуі үлкен бе?
7. Таңбалары әртүрлі сандардың қосындысы қалай табылады?
8. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?

2. «Жүзден жүйрік» Ауызша есепте! (Тақтада берілген есептерді ауызша шығарып, жауабын айтады)

3. Оқулықпен жұмыс
№471 (4 оқушы тақтада жұмыс жасайды, қалғандары дәптерде орындайды)
4. Сергіту сәті

«Ойлан тап»
4 сурет 1 сөз «ҮНДІСТАН»

А) -5+9=4;
Б) – 11 +(– 3)= -14
У) -10,5 + 20,5=10;
А) (-8,5) + 3,5=-5;
Г) 16 + ( - 9)=7;
А) – 24 + 49=25 ;
Т) – 10, 7 + 30,7=20;
М) 2 + =3
Р) – 19 + 10=-9;
Х) 6,9 + (- 6,9)=0
П) (- 7,5) + 19,5=12
4, -14, 10, -5, 25, 20, 3, -9, 0,
Өсу ретімен орналастыр: -14, -9, -5, 0, 3, 4, 7, 10, 12, 20, 25
Б Р А Х М А Г У П Т А
-14 -9 -5 0 3 4 7 10 12 20 25
5. Деңгейлік тапсырмаларды әр оқушы өзінің мүмкіндігі бойынша таңдап, нұсқа бойынша орындайды. (10 мин) нәтижесін интерактивті тақта арқылы бір-бірін тексереді, бағалайды.

Деңгей «А» 4 дұрыс есеп – «3 деген баға»
1. Есепте: 5,4 + (- 3,7) + (- 4,2)
2. Есепте: 12,8 + (- 3,5) + (- 7,6)
3. Өрнектердің мәндерін салыстыр: 3,87 + (-2,63) және 5,29 + (-3,59)
4. Өрнектердің мәндерін салыстыр: - 7,35 +4,54 және -4,68 + 3,46

Деңгей «В» 2 дұрыс есеп – «4 деген баға»
1.
2. 16,25+
Деңгей «С» 2 дұрыс есеп – «5 деген баға»
1.
2. 12,2+

Дұрыс жауабы:
Деңгей «А» 4 дұрыс есеп – «3»

1. Есепте: 5,4 + (- 3,7) + (- 4,2) = - 2,5
2. Есепте: 12,8 + (- 3,5) + (- 7,6) = 1,7
3. Өрнектердің мәндерін салыстыр: 3,87 + (-2,63) < 5,29 + (-3,59)
4. Өрнектердің мәндерін салыстыр: - 7,35 +4,54 < -4,68 + 3,46
Деңгей «В» 2 дұрыс есеп – «4 деген баға»
1.
2. 16,25+
Деңгей «С» 2 дұрыс есеп – «5 деген баға»
1.
2. 12,2+

6. Шығармашылық жұмыс
Қосындының мән неге тең: – 499 + (– 498) + (– 497) + …+ 497 + 498+ 499 + 500?
Шешуі:
Қарама-қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең болғандықтан
– 499 + (– 498) + (– 497) + …+ 497 + 498+ 499 + 500 =500 + (– 499 + 499) + (– 498 + 498) + (– 497 + 497) + …+ (– 1 + 1) + 0 = 500 + 0 = 500.
7. Бағамдау-бағалау. Рефлексия
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз
Сонымен біз бүгін «Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу » тақырыбын өту барысында жинақтаған білімдерімізіді жүйеледік. Бүгінгі сабақтарың үшін көп рахмет!

8. Үйге тапсырма №478, №480

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Математика

Математикада логикалық ойлауды дамыту - олимпиадалық табыстың кілті

Жетісу облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылы «С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталық бар мектеп»КММ. Математика пәні мұғалімі Кіріспе Қазіргі білім беру жүйесінде математикалық олимпиадалар оқушының…

Қажыбай Ернар 2 мин 53 оқылым
Математика

Математика мен физика сабақтарын кіріктіріп оқыту: 7-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары

Мақалада 7-сыныпта математика мен физиканы кіріктіріп оқыту тәсілдері, ортақ тақырыптар және STEM жобалары арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 3 мин 54 оқылым
Математика

Ұлттық педагогикалық мұраны математика сабағында тиімді қолдану жолдары

«Астана қаласының әкімдігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК математика пәнінің мұғалімі, Астана қ., Қазақстан АННОТАЦИЯ. Мақалада ұлттық тәрбие жүйесін қазіргі білім мазмұнына кіріктірудің…

Жақсылық Жания Дарханқызы 5 мин 107 оқылым
Математика

Математика мен күнделікті өмірдің байланысы, сабақтағы жобалық жұмыстардың маңызы

Мақалада математиканы күнделікті өмірмен ұштастыру жолдары мен жобалық жұмыстардың оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы маңызы қарастырылады.

Bilimger Media 3 мин 56 оқылым