Мазмұнға өту

Ашық сабақ "Отбасы"

Жумалиева Айнур Есенбулатовна 2 мин оқу 86 оқылым

Жумалиева Айнур Есенбулатовна

Сабақтың тақырыбы: Отбасы

Сабақтың мақсаты: Баланың отбасы туралы түсінігін кеңейту.

Отбасы мүшелерін анық атауға үйрету.

Түзеу мақсаты: Ойлау, көріп есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреттері, шалқан ертегісі, слайд

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  • Оқушылармен амандасу
  • Назарларын сабаққа аудару
  1. Қайталау сабағы
  • Балалар қазір мен сендерге суреттер көрсетемін.Сол суретте кімдер бейнеленгенің айтындаршы.
  • Ата, әже, әке, ана, апа,бала
  • Бұларды бір сөзбен кімдер деп атаймыз?
  • Отбасы мүшелері
  • Жарайсыңдар балалар!

Олай болса балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Отбасы» деп аталады. Бүгін біздер «Шалқан» ертегі желісімен отбасы тақырыбына байланысты әртүрлі тапсырмалар орындаймыз.

  • Тапсырма орындауға дайынсыңдарма?

Ертеде бір атай болыпты. Атай шалқан егіпті. Шалқан үлкен болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ болып тартса, шалқанды тартып суыра алмапты. Атай көмекке әжейді шақырады.

1 – тапсырма. (Әжейдің тапсырмасы) Отбасы мүшелерін дұрыс орналастыр.

Шарты: Үйдің үлкенінен бастап отбасы мүшелерін рет- ретімен орналастыру.

Ата, әже, әке, ана, қыз, іні

Әжей  атайдың белінен  ұстап шалқанды әрі тартады, бері тартады бірақ тарта алмайды. Әжей көмекке қызын шақырады.

2 –тапсырма: (Қыздың тапсырмасы) «Кім жоғалды?» ойыны

Шарты: Тақтаға отбасы мүшелерінің суреттері ілінеді. Мұғалім бір отбасы мүшесін жасырып тастайды. Ал балалар жоғалған суретті тауып, кім жоғалғаның атау керек.

Қыз әжейдің белінен ұстап шалқанды әрі тартады, бері тартады, бірақта тарта алмайды. Қыз көмекке күшікті  шақырады.

3 – тапсырма (күшіктің тапсырмасы)

Саусақ жаттығуы

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз

Бас бармағым – атам

Балан үйрек – әжем

Ортан терек – әкем

Шылдыр шүмек  - анам

Титтей бөбек – өзім

Бір үйде біз бесеуміз

Күшік қыздың  белінен ұстап шалқанды әрі тартады, бері тартады, бірақта тарта алмайды. Күшік көмекке мысықты шақырады.

4 – тапсырма (мысықтың  тапсырмасы) «Кімге не қажет?»

Шарты: Отбасы мүшелерін қажет заттарды тауып сәйкестендіріп атау

Атаға   - көзілдірік, газет, әжеге – жіп, қайшы, орамал,  әкеге – балға, шеге, қысқыш, анаға – алжапқыш, ыдыс, апаға – кітап, компьютер,қалам,  балаға – машина, доп.

Мысық күшіктін   белінен ұстап шалқанды әрі тартады, бері тартады, бірақта тарта алмайды. Мысық көмекке тышқанды  шақырады.

5 – тапсырма (тышқанның тапсырмасы)

Балалар бізге енді тышқан келе жатыр. Тышқанның тапсырмасын орындау үшін «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерін ретімен орналастыруымыз керек.

III. Қорытынды:

Балалар бүгінгі «Шалқан» ертегісі ұнадыма?

Сабақ аяқталды, сау болыңдар.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Жумалиева Айнур Есенбулатовна

Автордың басқа материалдары

Сабақ жоспарлары

Ашық сабақ "Ойыншықтар"

Жумалиева Айнур Есенбулатовна Сабақтың тақырыбы: Отбасы Сабақтың мақсаты: Баланың отбасы туралы түсінігін кеңейту. Отбасы мүшелерін анық атауға үйрету. Түзеу мақсаты: Ойлау, көріп есте сақтау қабілеттерін дамыту.…

Жумалиева Айнур Есенбулатовна 103 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Сабақ жоспарлары

Білдектің түрлері

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі (білім беру ұйымының атауы) БЕКІТЕМІН: __________ Оңдасынова.Д. Оқу сабағының жоспары Сабақтың тақырыбы: Білдектердің түрлері Модуль /пән атауы: Токарлық өңдеу…

Мадина 38 оқылым 7 мин
Сабақ жоспарлары

План урока "Модуль числа"

Раздел ФИО педагога Абдраханова Роза Керимхановна Дата 09.10.2023 год Класс :6 «Ж» Количество присутствующих: 23 отсутствующих:1 Тема урока Модуль числа Цели обучения, которые достигаются на данном уроке (ссылка на…

Абдраханова Роза Керимхановна 25 оқылым 6 мин
Сабақ жоспарлары

Сказки о художниках

Узденова Гульмира Салыховна Раздел V. ЖИЗНЬ И ТВОРЧЕСТВО ФИО педагога Узденова Гульмира Салыховна Дата 05.02.24 Класс 5 Количество присутствующих: Количество отсутствующих: Тема урока УРОК § 60 Сказки о художниках Цели…

Гульмира Узденова 27 оқылым 3 мин
Сабақ жоспарлары

Кимінің жекелеген түрлерін бейнелеу

ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № 66 Киімнің жекелеген түрлерін бейнелеу (сабақтың тақырыбы) Модуль /пән атауы: КМ 02 Киім эскиздерін техникалық сурет түрінде орындау Педагог: Бекетова Манат Маратқызы дайындады Күні: 17.11.2023ж…

Манат Бекетова 45 оқылым 6 мин