Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ақылды - ынсап пен ар сақтайды

Лаззат
1 мин оқу 650 оқылым

Ақылды – ынсап пен ар сақтайды...

"Туғаныңмен сыйыспасаң,
кең дүниеге сыймассың"
(Халық мақалы)
Татулық пен ауызбіршілікке не жетсін... Ағайындар арасындағы сыйластық – бірліктің бастауы емес пе? Расында да, кезінде ата-бабамыз осы ұғымға зор мән беріп, тереңнен түсіне білген. Ағайынның бірінің басына күн туса, жабыла отырып жыртығын жамап, жарасын емдеген. Ал қазір ше? Қазір бәрі басқаша...
Осыдан екі апта бұрын ауруханада кезекте отырып, кенеттен екі адамның әңгімесін құлағым шалды. Бірінің сөзіне қарағанда бір мекеменің басшысы көрінді. Әңгімелерін тыңдай отырып сол адамның билікке өзінің білімімен, жігерінің арқасында жеткендігін түсіндім. Қасындағы жолдасының осы дәрежеге жету жолындағы көрген қиындықтарын сұрағанда берген жауабы мені еріксіз ойға батырды. Айтуынша әріптестері оның жетістіктерін көре алмай талай рет аяқтан шалған. Өзге түгіл солардың ішінде туысы да бар екен. Бірер минуттан соң екеуі де дәрігердің қабылдауына кірді... Әйтсе де, мен сол бір ойдың жетегінде ұзақ отырдым.
Жақыныңнан көңілің қалу...сатқындық...көреалмаушылық мұның бәрі де мен үшін таныс. Кешегі күні талай қызықтарды бірге өткізген бүгінде күн үшін жалтақтаған ағайынның қылығына не дерсін?! Өзгеден емес, өз басымнан білемін.
Арлы адам арына қараса, арсыздың жеңген күні демекші, мына бес күндік жалғанда қырық пышақ болып жүргенімізше, жаманымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүргенге не жетсін?!
Өмір – бумеранг. Жасаған жақсылығын да, жамандығың да өзіңе қайтып оралады. Сен ненің өзіңе қайтып оралғаның қалар едің?!

Кадирова Лаззат Есеновна
Шағырсай негізі мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
Жоғары санатты мұғалімі

Соңғы жаңарту: 4 наурыз 2026, 07:08

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Лаззат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Менің сүйікті ойыншығым

Кіші топқа арналған «Менің сүйікті ойыншығым» ашық оқу қызметінің технологиялық картасы. Балалар ойыншықтарды сипаттап, оларды күтіп ұстауға үйренеді.

Лаззат 1 мин 509 оқылым
Балабақша

Менің сүйікті ойыншығым

Кіші топқа арналған сөйлеуді дамыту оқу қызметінде балалар ойыншықтарды сипаттап, атауларын атайды және оларды күтіп, ұқыпты ойнауға үйренеді.

Лаззат 1 мин 215 оқылым
Ашық сабақтар

"Тіл жүйрікте кім жүйрік?"

5–9-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен әдебиеті сайысының мақсаты, қатысушыларды таныстыруы және жүргізуші мәтіні ұсынылған.

Лаззат 6 мин 452 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 115 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 904 оқылым