Мазмұнға өту

Ақапартты іздеу, жазу және оқу

Шошибаева Сандугаш Абилкасимовна 2 мин оқу 668 оқылым

Шошибаева Сандугаш Абилкасимовна

Сабақтың тақырыбы: Ақапартты іздеу,жазу және оқу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақпаратты іздеуге, жазуға  үйрету.

Міндеттері

  • Алған білімдерін басқа пәндерде қолдана білуге үйрету.
  • Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
  • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, проектор.

Өтілетін орны: Информатика сыныбы.

Сабақтың өту барысы:

     І Ұйымдастыру кезеңі  

Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу.

      ІІ Үйге берілген тапсырманы тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру

      ІІІ Білімді өзектендіру

«Сәйкесін тап» ойынын ойнату.

IV Жаңа тақырыпты түсіндіру

Нысанды бумадан жылдам іздеу

Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі үұсас нысан ерекшеленеді. Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі. Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар.Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.

Кеңейтілген іздеу

Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек. Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады. Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады. Windows – тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар. Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындауларың керек:

  • Сақтау немес Қалай сақтау бұйрығын таңдау
  • Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады.
  • Файлдың атын теру;
  • Сақтау батырмасын басу.

Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі-жиі сақтап отыруларың керек. Егер файл бұған дейін сақталған болса және атау берілген болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді. Бұл жағдайда программа сақтау терезесін шығармайды және сендерден файлдың атын сұрамайды. Сендер Сақтау бұйрығын таңдайсыңдар, экранда ештеңе болмайды, бірақ файлдағы өзгертулер сақталады. Кейін бұрын сақталған файлды басқа жаңа атаумен сақтау қажеттілігі туындайды. Мәселен,сендер Ағаш файлынан ағаштың бейнесі салынған суретті аштыңдар делік. Оған жануарлар мен басқа ағаштардың бейнесін қосып, жаңа суретті Орман деген атаумен сақтағыларың келді делік. Онда сендерге Қалай сақтау бұйрығы керек болады. Бұл бұйрық файлдың бұрын сақталғанына немесе сақталмағанына қарамастан сақтау терезесін шығарады. Мұндай сақтаудан кейін сендердің дискілеріңде 2 файл: Ағаш және Орман сақталады.

Ақпаратты оқу. Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows  операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу (Открыть) бұйрығын (немесе Ctrl+O пернелері) орындау керек.

IV Бекіту

Компьютерден тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы сабақты бекіту.

V   Қортындылау

Тапсырманы орындау нәтижесін бағалау

VI  Үйге  тапсырма: §13 мазмұндау, 115 бет тест сұрақтарына жауап жазу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Шошибаева Сандугаш Абилкасимовна

Осы тақырыптағы материалдар

Информатика

Информатика – болашаққа апарар цифрлық көпір

С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Аннотация Бұл мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі информатика пәнінің рөлі мен маңызы жан-жақты қарастырылады. Информатика сабағының оқушылардың…

Мусаева Мария Алтинбековна 63 оқылым 2 мин
Информатика

Киберқауіпсіздік негіздері: мектеп оқушыларына арналған интерактивті нұсқаулық

Түркістан Облысы, Түркістан қаласы №4 С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицей Информатика пәнінің мұғалімі Қазақша аннотация Бұл ғылыми жоба мектеп оқушыларына арналған «Киберқауіпсіздік негіздері» тақырыбында интерактивті…

Маханбетова Жансая Изетуллақызы 187 оқылым 9 мин
Информатика

Информатика сабағында жасанды интеллект құралдарын қолдану: авторлық тәжірибе

“Шалқар орта мектебі “ КММ Информатика пәні мұғалімі Қазіргі таңда білім беру саласында цифрлық технологиялардың рөлі артып, мұғалімнің кәсіби қызметінде жаңа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. Өзімнің…

Нурекенова Дариха Сарсеновна 161 оқылым 1 мин
Информатика

Цифрлық құралдармен бiлiмгерлердiң уақытын ұйымдастыру

“Қ. Байсейітов атындағы саз колледжі” Информатика мұғалімі Аңдатпа Бұл мақалада цифрлық құралдардың бiлiмгерлердiң уақытын тиiмдi ұйымдастырудағы рөлi қарастырылады. Цифрландыру дәуiрiнде бiлiм алушылар үшiн уақытты…

Кенжебаева Айдана Болатканкызы 51 оқылым 5 мин