Мазмұнға өту

Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу.

Bilimger Media 2 мин оқу 549 оқылым

Сабақтың тақырыбы: Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу. Анимациялық фильмдерді сақтау. Геометриялық кескіндерді салу, өзгерту, орнын ауыстыру, фигураның түсін орнату

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Анимация, мультипликация ұғымдарына түсінік беру, шығу тарихымен таныстыру. Программаның құрылымымен таныстыру;

Дамытушылық: Қарапайым тапсырмаларды орындату арқылы программада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, Macromedia Flash MX программасы, тапсырма карточкалары.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс.

Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Өтілетін орны: информатика сыныбы.

Оқушылар білуі тиіс: Macromedia Flash MX программасында жұмыс істеуді.

Оқушылар меңгеруі тиіс: геометриялық кескіндерді салуды, өзгертуді, орнын ауыстыруды, фигураның түсін орнатуды, анимациялық фильмдерді сақтауды, анимация құруды.

Сабақтың барысы

  • Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастырып, класта оқушыларды түгендеу. Оқушыларды топқа бөлу.

  • Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
  • Мәтін дегеніміз не? (Дербес компьютерлік алфавиттік символдар тізбегі)
  • WORD-та бос құжатты құру үшін қандай батырмалар тіркесімін басамыз? (CTRL + N)
  • WORD мәтіндік процессорының негізгі мүмкіндігі қандай? (Мәтіндерді енгізеді, сақтайды, түзетеді, пішімдейді)
  • Стиль дегеніміз не? (Пішімдеудің атрибуттар жиынтығы)
  • Бетке нөмір енгізу: (Кірістіру → Колонтитулдар топтамасы → Бетке нөмір енгізу)
  • Арнаулы символдарды енгізу жолдары: (Кірістіру → Символдар топтамасы → Символ)
  • Диаграмма құру үшін не керек? (Сандық және мәтіндік ақпарат)
  • WORD құжатында орфографиялық қате қалай белгіленеді? (Ирек қызыл сызықпен сызылады)
  • Колонтитул дегеніміз не? (Құжаттың әрбір бетінде орналасқан және онда қайталанатын ақпарат)
  • Білімді өзектендіру

Интерактивті тақтадан видео көрсетіледі.

  • Жаңа сабақ

Постер қорғау.

1-топ. Мультипликация.  Мультипликацияның шығу тарихы

2-топ. Қазақ мультипликациясы

3-топ. Macromedia Flash Maker программасының құрылымы

  • Бекіту кезеңі

Берілген білімді бекіту үшін топтарға кеспе қағаздары таратылып беріліп, оны компьютерде орындату.

1-топ. "Жұлдызды аспан

2-топ. Саңырауқұлақ

3-топ. «Салынған мәтін»

  • Сергіту сәті

Оқушыларға көзге жасалатын жаттығулар жасату

  • Қорытынды кезең Бақылау сұрақтары
  • Мультипликация дегеніміз не? (В) үлкею, көбею, еселене түсу, жандандыру деген мағынаны береді)
  • Суретке алғаш жан бітірген ғалым (Ә) Жозеф Плато және Симон фон Штампфер)
  • Қазақ мультипликация өнерінің тұсаукесер мультфильмі қай жылы жарыққа шықты? (В) 1967 жылы)
  • Анимация дегеніміз не? (В) қозғалыстың әртүрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі)
  • Анимация құратын, мультфильм жасайтын дербес компьютерлік программаларды атаңдар: (Ә) Macromedia Flash Maker, Pencil, Adobe Photoshop, Synfig)
  • Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

  • Бағалау кезеңі

Сабақта тапсырманы орындағанына, меңгерген деңгейіне байланысты бағалаймыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Информатика

Информатика – болашаққа апарар цифрлық көпір

С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Аннотация Бұл мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі информатика пәнінің рөлі мен маңызы жан-жақты қарастырылады. Информатика сабағының оқушылардың…

Мусаева Мария Алтинбековна 63 оқылым 2 мин
Информатика

Киберқауіпсіздік негіздері: мектеп оқушыларына арналған интерактивті нұсқаулық

Түркістан Облысы, Түркістан қаласы №4 С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицей Информатика пәнінің мұғалімі Қазақша аннотация Бұл ғылыми жоба мектеп оқушыларына арналған «Киберқауіпсіздік негіздері» тақырыбында интерактивті…

Маханбетова Жансая Изетуллақызы 187 оқылым 9 мин
Информатика

Информатика сабағында жасанды интеллект құралдарын қолдану: авторлық тәжірибе

“Шалқар орта мектебі “ КММ Информатика пәні мұғалімі Қазіргі таңда білім беру саласында цифрлық технологиялардың рөлі артып, мұғалімнің кәсіби қызметінде жаңа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. Өзімнің…

Нурекенова Дариха Сарсеновна 161 оқылым 1 мин
Информатика

Цифрлық құралдармен бiлiмгерлердiң уақытын ұйымдастыру

“Қ. Байсейітов атындағы саз колледжі” Информатика мұғалімі Аңдатпа Бұл мақалада цифрлық құралдардың бiлiмгерлердiң уақытын тиiмдi ұйымдастырудағы рөлi қарастырылады. Цифрландыру дәуiрiнде бiлiм алушылар үшiн уақытты…

Кенжебаева Айдана Болатканкызы 51 оқылым 5 мин